Жаңа тәжірибе - жаңа нәтижеге қол жеткізді (байқау)

Жаңа тәжірибе - жаңа нәтижеге қол жеткізді (байқау)
жеке
блог

Қайырлы күн құрметті Массагет порталының оқырмандары! Көзді ашып жұмғанша байқаудың үшінші аптасыда келіп қалды. Алғашқы мақсатымда артқа тастап келесі яғни екінші мақсатымды орындадым, бүгін соның нәтижесін сіздермен бөлісемін.

Менің екінші мақсатым псориаз ауруына қарсы дәрілік өсімдіктермен тәжиірбе жүргізу болатын. Ауылды жерде тұрғандықтан ауруды толықтай зерттейтін зертхана жоқ. Нар тәуекел ер ісі демекші, бір-екі өсімдікті осы ауруды емдеуге сынап көрген едім. Менің алғашқы сынаған өсімдік ол аскөк болатын. Аскөкті кептіріп жараның ауызына таңып қойдым, бірақ нәтижесі қуантарлық емес.

псориаз

Бір апайдың беті майлы болғандықтан соны кетіру үшін қияр маскасын қолданған болатынмын. Ал ол апайдың бетінің екі жерінде псориаз бар еді. Сол масканы қолданған соң екі күннен кейін псориаздың ізіде қалған жоқ. Бірақ бұл уақытша деп ойлаймын, әлі де шығу қаупі бар.

Қияр маскасының жасалуы былай болатын.

 

Қияр маскасы

Бұл маска әжімденген теріге жасалады. Оны дайындау үшін жаңа қиярдың жартысын кесіп алып, үккіштен өткізіп, сөлін сығып алады. Алынған сөлді бір шай қасық қаймақпен және бір шай қасық жұмыртқа ағымен араластырады. Қоспаны көпіргенше араластыру керек. Дайын болғаннан кейін, бетке қалың етіп жағады. 20 минут өткеннен кейін, оны жылы суға малынған мақтамен сүртіп алған жөн.