Жаңа мәзір (Арнайы тапсырма)

 Сәлеметсіздер ме, Массагеттің оқырмандары.
Соңғы арнайы тапсырманы орындайтын уақытта келіп жетті. Уақыт зымырап өте шықты. Осы апталар ішінде үйренгенім көп болды. Әлі де үйренетінім көп.     Рақмет саған "МАССАГЕТ".
Бұл мәзірді ойлап жүргеніме көп болды. Өзгеше тағам түрін жасау үшін барымды салған болатынмын. Осы жаңа мәзірім мені жерге қаратпай, мақтаудың астына қалдырды. Жақындарыма ұнағаны соншалық, қайтадан жасауымды тағатсыздана күтіп жүр.              "Дәмді шарлар"Тауық еті - 400 гСүзбе - 200 гТұзҚара бұрышІрімшік (ұсақ үгітілген) - 2 ас қасықӨсімдік майы (шарларды дөңгелетуге) Соусқа:Кәді (үгітілген) - 1,5 стақанЖылы сүтІрімшік (үгітілген) - 4 ас қасықТұзҚара бұрышӨсімдік майы - 1,5 стақан               ДАЙЫНДАЛУЫ:
 Ет тартқыштан сүзбені, ірімшікті, тауық етін өткіземіз. Дәмін келтіріп, дәмдеуіштерді қосамыз.

 Тәрелкені майлап, фаршты жақсылап араластырамыз. Қолыңызды майлап, фаршты дөңгелектеп, ыдысқа саламыз. Соус дайын болғанша, дайын болған шарларды тоңазытқышқа саламыз.

 Соустың дайындалуы: Ыдысқа пиязбен майды салып, микротолқынды пешке 1 минут 40 секундқа қоямыз. Кәдіні қосып, 2 минутқа қоямыз. Содан соң, сүт құйып 2 минутқа қайтадан қоямыз. Дайын болған соң, 2 минут микротолқынды пешті ашпай, кұте тұрамыз. Межелі уақыт өткен соң, дәмдеуіштерді қосып, блендер көмегімен араластырамыз. Ыдысыңызды дайындап, шарларды салыңыз. Содан соң, дайын болған соусты үстіне құямыз. Пешті 200 градусқа қойып, 25 минут пісіреміз. Бетіне ірімшік сеуіп, тағыда 15 минутқа пешке қоямыз. Ыстықтай күйінде жақындарыңызға ұсыныңыз. Тағамның дәмділігімен қатар, келбетіде тамаша. Жасап көріп, бағасын беріңіздер.


Бөлісу: