Жаңа аптада, жаңа мәзір (байқау)

Жаңа аптада, жаңа мәзір (байқау)
жеке
блог

Қайырлы күн, менің массагеттік достарым. Мен сіздермен жаңа мәзірлерді үйренгім келетіндігі туралы бөліскен болатынмын. Міне осы аптада мен «Зебра» тортын пісіруді үйрендім.

Бұл торттың дайындалуы да, құрамы да аса күрделі емес. Әрі көп уақытыңызды алмайды. Кез-келген уақытта дайындай аласыз. Бұл торт менің осы аптадағы жаңа мәзірім.  

Тортты дайындау үшін:

Жұмыртқа- 4 дана

Қант- 1 стақан

Ұн- 1 стақан

Какао -3 ас қасық

Қамыр қопсытқыш- ½ шай қасық

Ванилин қажет.

Алдымен жұмыртқаларды ыдысқа салып, үстіне қант қосамыз.

Оларды миксермен қант ерігенше араластырамыз.

Одан кейін ұн, қамыр қопсытқыш, ванилин қосамыз. Оларды жақсылап араластырамыз. Қамырымыз қоймалжың болуы тиіс.

Қамырымызды екі ыдысқа бөліп, біреуіне какао қосамыз.

Одан кейін табамызды майлап, екі ыдыстағы қамырымызды кезек-кезек құйып отырамыз.

Дайын болған соң, 40 минутқа пешке салып пісіріп аламыз.

Міне тортымыз дайын болды. Оны өзіңіздің қалауыңыз бойынша сәндеуге де болады.

Астарыңыз дәмді болсын!