Жақсылық жасау бәріміздің қолымыздан келеді(байқау)

Көмек беру оңай. Егер жан - жағыңа қарайласаң сенің көмегін тиетін істер көп-ақ. Мен алдыңғы жазбаларымда алдыма екі мақсат қойғанмын. Екінші мақсатымды қайрымдылыққа арнағанмын. Бұл мақсатыма жету жолындамын. 
 
Кішігірім болсын, үлкен болсын көмек беру бұл адамның үлкен парызы. Жақсылық жасау - адамның бойына ерекше күш сыйлайды. Ол сезім ерекше, қалай айтсам екен, бір қуанышты хабар естігенде толқисың ғой сол сияқты ,жо-жоқ одан да керемет сезім. Адам істеген игі амалдарын жария етпеу керек дейді, бірақ мен алдымдағы қойған мақсат үшін (шынымды айтсам басқалар да көріп жақсы іс  істеуді үйренсе, мен арқылы талпынса екен деймін).
 
Көмек көрсету үшін ардагер апа болмаса үйі күйі жоқ адамды іздеуге менің мүмкіндігім болмады. Бірақ мен өзімнің үй жағымда тұратын апаға көмектесуді жөн көрдім. Қарапайым апа немерелері мен балалары демалыста қыдырып кеткеніне көп болып, үй шаруасына өзінің шамасы келмепті, әрине, кәрілікқой. 
 
Осылайша,күннің ыстығына қарамастан апаның үйіне аттандым.
 
Үйінің жұмысын ерекше ынтамен атқарып, өзім де көңілді көңіл күйде болдым. 
 
Үйінің шаруасын аяқтап, апамызға кішігірім сыйлығымды беріп, мен үйіме қарай аттандым. 
   
 
PS Жақсылық жасауды ұмытпайық, достар!


Бөлісу: