Ақ қағазға көк сиямен хат жазып, оны конвертке салып пошта арқылы жіберу қалып қойды. Қазір оны тіпті ұмытып та кеттік. Мән-мағынасыз хаттардың да қаптап кеткені де осыдан болар. Бірақ әліде ҚАЗПОШТАның жұмыс жасап тұрғанын ұмытып кетпейік, достар.
Мен бүгін тапсырма бойынша хат жаздым. Әуелде кімге жазсам екен деп біраз ойландым. Жауабын таптым.
Құрметті Әсел әпке! Амансыз ба?
Хатты не үшін маған жазды деп ойлап отырған боларсыз. Өйткені мен жақын адамдарыма жаза алмаймын. Олар мені бәрібір түсінбейді. Өзіңізді өмірде көрмесем де әлеуметтік желі арқылы танимын. Әлеуметтік желі алдамшы, - деп жатады. Бірақ мен оған сенбеймін. Сенбеуіме себепші болған өзіңізсіз.
Менің де өмірде дара жолмен жүріп сара жол қалдырғым келеді. Өз саламның маманы болғым келеді. Сіз секілді менде кең байтақ мына далама, туған жеріме титтей де болса өз үлесімді қосқым келеді. Айта берсең армандардың шегі бар ма...
Өзіңізбен танысқаныма өте қуаныштымын. Өйткені өзгелер білдірмеген сенімді сіз маған білдірдіңіз. Саған сенетін жанның болғаны қандай жақсы...
Сізге рахмет! Сенім білдіріп қолдағаныңыз үшін, төте жазуды үйреткеніңіз үшін, қателерімді түзеткеніңіз үшін алғысым шексіз. Менің бұл хатымды алғыс хат деп біліңіз. Аман-сау болыңыз.
P.S Алғаш рет бұлай хат жазып тұрмын.