Халық жүрегінен жол тапқан жаңа жібек жолы
блог
Әсем де сұлу шырайлы Алматымыздың төрінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің бастамасымен және Алматы қалалық Қытай Халық Республикасының Бас консулдығының қолдауымен қараша айының 29 мен 30 жұлдызында "Халық жүрегінен жол тапқан жаңа жібек жолы" атты Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттері арасында зияткерлік сайыс өтті.Сайыстың құрметті қонақтары қатарында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының орынбасары Гуо Синцяо мырза, ҚХР Алматы қаласындағы Бас консулдығының мәдениет және ағарту ісі бойынша вице-консулы Ван Цзиньпин мырза,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Бүркітбаев Мухамбетқали Мырзабайұлы,Құрлық әскерлері әскери институты Шетел тілдері кафедрасының PhD докторы,майор Бисенбаева Жанат Николаевна,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Айдарбаев Сағынғали Жоламанұлы,HWAWEI компанияының сату бөлімінің орынбасары Жао Юй мырза,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының жетекшісі Орынқазы Фарида сынды азаматтар болды.
Жалпы аталмыш сайыс Қазақ Ұлттық Универститетінің Қытайтану кафедрасының ұйымдастырылуымен қатарынан екінші рет өткізілуде.Еліміздің алдынғы қатарлы оқу орындарынан келген дарынды студенттер өздерінің қытай тілін қаншалықты жетік меңгергендіктерін та,ыда бір мәрте дәлелдеді.Жалпы сайыс 2 бөлімнен тұрды.Бірінші бөлімде қатысушылар Қытай Халық Республикасының тарихы,салт-дәстүрі мен елтану пәні бойынша қытай тілінде тест тапсырды.Бұл бөлімге 50-ден астам студент өз бағын сынады,алайда жүзден жұйрік мыңнан озық шыққан 10 қана финалға жолдама алды.Екінші бөлімде финалистер Халық жүрегінен жол тапқан жаңа жібек жолы тақырыбында қытай тілінде өздерінің жобаларын қорғап,қазылар-алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берді.Аталмыш сайыс өз дәрежесінде өтті.Қазылар алқасына жеңімпазды анықтау қиынға түсті,дегенмен өзінің дарыны мен білімін көрсете білген Ахметова Анель Бас жүлдені қанжығасына байлады.Сайыс соңында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының орынбасары Чжан Вэй мырза сайыстын жоғары дәрежеде өткенін атап өтіп,ұйымдастырушыларға өз алғысын айтты.Сондай-ақ сайыстың Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы достықты одан әрі нығайта түсетіндігіне кәміл сенім білдіріп,жеңімпазға өз қолымен қытай елінде тегін білім алуға мүмкіндік жасайтын сертификатты ұсынды.Өзге де қатысушылар мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.