Гүлдене бер Астана

Гүлдене бер Астана
жеке
блог

Астана-бұл әсем қала, бас қала,

Жайнайды әркез гүлденеді, жас қала.

Болашаққа кеңірек жайып қанатын.

Ұмтылады асу-асу асқарға.

Басқа ұлттарға есігіміз айқара,

Күтіп алар астанада жайқала,

Астанаға алғаш келген шетелдік,

Әсемдікке бас иеді тамсана.

Құрдасымын Астананың мен деймін.

Астанамен бірге өсіп гүлдеймін.

Елордада мен де толған он жеті 

Жасым тұрмақ, атым дағы бір деймін.

Жазатұғын бәрі дастан  шежіре,

Әрбір адам   тоқып алсын  есіне.

Қанат жайды елім бүгін өркендеп,

Жас ұрпақа жазылған бұл несібе,

Елбасымыз Нұрсұлтандай атамыз.

Халқымыздың данасы деп атаңыз.

Еліміздің амандығын тілеген,

Әрқашанда қабыл болсын батаңыз.

Астана тек нұр төгеді еліне,

Мейірімді шуақ шашып бәріне,

Сұлу қалам сеніменен мақтанам,

Жарқырай бер, жаса, жайна АСТАНАМ!