Ғашықпын саған Алматы! (Байқауға)



  • Менің өзіңе ғашық болғаныма 2 жылдың көлемі болып қалды.Саған деген сезімім күн сайын емес,сағат сайын артуда.Жүрегімде өзіңе деген үлкен бір сезім жатыр.
    Білесің бе?мен сені мүлде көрмегенмін. Бірақ мен сенің тауыңа,көліңе,көшеңе,адамдарыңа,ең бастысы  "Алматы" саған ғашықпын!

    Білесің бе?Алматы,саған талай ақын жыр арнаған.Əр өнер иесі өзіңді ешқашан елеусіз қалдырмаған.Сен туралы талайы жарыса да жазған(жазады да).
    Көп жанның жүрегінен жол таба білген,ғашықтардың ордасы болған,көп жастың арманы болған,көпшіліктің мақсаты болған тек қана өзің-Алматы.


    Сен күрсінгенде ,менде сенімен бірге күрсінгем.Əр күнім тек өзің деп батып,өзің деп атады.
    Алматы-маған туып өскен жерімнен де қымбаттсың!
    Ехх өзіңмен тура 1 жылдан соң алғаш қауышамын.
    Тауыңмен Мұқағали атамызды тербеткендей ,енді мені де өз құшағыңа ал.
    Алматы, менің қол жетпес 3 жыл бұрынғы арманым едің,енді алдағы мақсатыма айналдың.
    Мені күт.Жолығар күн алыс емес.Өмір атты кеменің ескегі саған қарай беттеуде.Мен саған жету жолындамын!Мен өзіне асықпын....ғашықпын!
  •  





Бөлісу: