Ғақлия(Байқауға)

Ғақлия(Байқауға)
жеке
блог


"Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма."   - Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткенннің 
құлазыған ғасырларынан өзіне   бейтаныс, басқа, бірақ жарқын   болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы орлаған надандық түнегіне ол шам-шырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.Иә, өзі өмір кешкен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ  болды.Ал ол біз үшін жұмбақ па?
      Біз Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес, қазақ әдебиетінің  шам-шырағы ретінде қабылдаймыз. Біз үшін Абай өткен күннің ғана ақыны емес, халықтың алға қарай қажырлы ұмтылуында ақын онымен бірге болды - ал мұндай ақын өлмек емес, өйткені оның шығармаларына уақыт шек қоя  алмайды". -деп Мұхтар Әуезов айтқандай , Абай-қазақ поэзиясындағы ең бір трагедиялық тұлға. 

Абай
    Абайды танымайтын қазақ жоқ шығар, сірә. Абайды тек қазақтар емес, бүкіл әлем таниды. Абайдың поэзиясы - ақынның  ішкі жан-дүниесін суреттейді.
     Абай-ұлы ақын,ол біздің мақтанышымыз! Әрбір қазақ Абай поэзиясымен сусындап өсуі тиіс.
Абайдың поэзиясымен қатар, қара сөзі құнды мұра! Өзін қазақ санайтын әрбір жан - Абайдың поэзиясы мен қара сөзін жатқа білуі керек!
       Көп жылдар бойы жанын толғантқан мазасыз ойын, іздегені мен тапқанын, үрейі мен жанталасын, қапасы мен қуанышын, рух ұмтылысы мен азапты өмірін, көңілін көгендеген ыза мен құлшылығын жиып жазған "Ғақлия" былай басталады:
       "Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік.
Енді жер ортасы жасқа келдік, қажыдық, жалықтық, қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал,
енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз.Соны таба алмай 
өзім де қайранмын".
    "Ғақлия" ақиқат үшін жан салған ақын ойы. Бұл кітаптың идеясы қарапайым да құдіретті.
Абайдың бірінші сөзі былай жалғасты:
    "Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ.
Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған азғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
    Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, 
білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.
    Софылық қылып, дін бағу? Жоқ,  ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
    Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не
болсын деп бағам? Қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне
ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен көрерлік орын 
тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым".
Абайдың қара сөздері құпия сырға тұнып тұр.
Қара сөз қорытындала келе, былай аяқталды:
     "Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен   керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім 
өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ".
     Міне, Абайдың бірінші қара сөзі осы! Бұл сөзінде ақынның не айтқысы келгенін түсіндіңіздер деп ойлаймын. Ақын өзі жайлы сыр шертті.Абайдың қара сөздері өшпес мұра! Ұлы ақынның қара сөздерін оқып жүрейік, жаттап жүрейік, көңілге тоқи жүрелік...