Фоторепортаж: Састөбе ауылы
блог
Əркім де өз туған жері жайында сүйсіне жазады ғой. Мен бүгін өзімнің Састөбем туралы аздаған фоторепортажымды ұсынбақпын.
Бұл Састөбедегі цемент өндіретін ТОО Састөбе "TECHNOLOGIES" цемент зауытының биіктен қарағандағы көрінісі.
Ал бұл – зауыттағы алып пеш. Яғни, мына құбырлар пеш болып табылады. Жолақты құбыр – мұржа.
Састөбеде екі бірдей шағын көлшік бар. Оның біреуі – осы. Совет үкіметі кезінде мұнда арнайы қайықтар жəне адамдарға жайлы жағажай болған.
Бұл Састөбедегі мəдениет үйі. Оның шеткері бөлігінде орталық кітапхана орналасқан.
Ұлы жүздің төбе биі Төле би ескерткіші мəдениет үйінің алдынан орын тапқан.
Бұл – орталық кітапхана.
Ал мынау саябаққа қарай баратын жол.
Састөбенің біраз бөлігін, өкінішке орай, түсіріп үлгермедім. Бірақ суреттерді барынша сапалы етіп шығаруға тырыстым. Сіз де өз туған жеріңіз жайлы бөлісе отырыңыз! Қаласаңыз, бізге келіңіз. Састөбеліктер сіздерді құшақ жая қарсы алады.