Есірткісіз өмір ғажайып!

Есірткісіз өмір ғажайып!
жеке
блог

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

Сабақ кезінде көзім терезе алдында тұрған көңілсіз гүлге түсті. Өзін қоршаған табиғат пен адамдарға ренжи қарайтын сияқты. Құтысы керексіз заттар мен қоқыстарға толы екен. Өсуін ғана емес, организмге өзі тарту ететін  қажетті дәрумендерді бөлуді де тоқтатқан секілді. Осы көріністі бақылап отырып, ойыма мына жайт келді. Егер гүлдің орнында адам болса ше? Адам өз бойына керексіз, қоқыс заттарды жіберер ме еді? Ал олай болмаса, не үшін біз өсімдіктің сұлулығын бұзуымыз қажет.

 Ойлана отырып, мына дүниені түсіндім. Адамдар өздеріне де зиян әрекеттер жасайды. Сол секілді өсімдіктерге де зиян келтіретін адамдар. Оның басты себебі олар жағымсыз іс әрекет жасаудың маңызын түсіне бермейді. Бір жағынан өзіне керексіз дүниені біле отыра, денсаулығын байлығым деп танымайтын жандар өсімдіктің де қоғам үшін қажетін түсіне бермейтін секілді.

 Адамдар өздеріне қалайша зиян жасайды? Оның алғашқы көрінісі бос уақытты дұрыс пайдаланбау, рухани дамымау, өзін жақсы көрмеу секілді қасиеттерден басталуын мүмкін. Ал организмге сыртқы жағдай негізінде әсер ететін жағдаяттардың ең алды, әлем үшін қорқынышты тақырып есірткі. Есірткі ағзаны ғана емес, мидың жұмысын ластаушы зиянды фактор. Оның жағымсыщ тұсы ежелден айтылып келеді, алдағы уақытта да зерттеліне береді.

 Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Бұл Абай атымыздың жетінші қарасөзінен үзінді. Есірткі де тәннің құмары. Дегенмен, ақын тән құмарларын қуат табуға қауқарсыз, өзін өсіруге қарсы іс әрекеттер деп түсіндіреді. Ендігі бір сөзінде тән құмарына мойынсұнған адам хайуан жанына ие болады. Абай есірткінің зиянын бұлайша түсіндіргенімен, ғылымда да бұл мәселе анық айтылған. Оған мысал ретінде мына деректерді келтіре аламыз. Нашақорлықтың салдарынан тек қана ішкі дүние мүшелері зақымданып қоймайды, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, асқорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалады. Нашақорлық жұқпасы ауру іспетті, бірақ онымен көбінесе өз еркімен ауырады. Нашақор адам 1 жылда кем дегенде 5 адамды осы әрекетке тартып, ауруын жұқтырады. Нәтиежесінде, есірткі тұтынушылардың саны көбейе түседі.

 «Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет - ол нашақорлық» деп көрсетеді, Елбасы. Салауатты өмірдің басты кілті білім алуда, денсаулыққа күтіммен қарауда, қоршаған ортаны таза сақтауды. Менің ойымша, әр қазақстандық туған жерін өзіне берілген байлық, ал денсаулығын бақыты ретінде ұғынуы қажет. Сонда есірткіге тәуелділік көрсеткіші азаяды деп ойлаймын. Қазіргі таңда елімізде есірткімен күрес қарқынды жүргізілуде. Елімізде ес­ірт­кіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, наша­қор­лық­қа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асы­руда. Алдағы уақытта мұндай бағдарламалар саны артып, нәтиеже үшін жұмыс қарқынды жүреді деген сенімдемін.

 Есірткі тек организмге ғана емес, отбасының бұзылуына, сана жұмысының нашарлауына, еліміздің дамуына да кедергі келтіреді. Неге десеңіз, есірткіні тұрақты әрі көп тұтынған адам отбасы мүшелерін сыйламайды, әркез агрессияда жүреді. Оған қоса қоғаммен байланысын үзеді. Жеке тұлғалық дамуын тоқтатып, армандарымен қоштасады. Бұл елімізді өркендетуші бір жанның жоғалуы деп түсінуге болатын жағдай. Дауасыз дерт ұрпақты уландырып, ағзасын аздырып, тектілігін тоздырады. Есірткі халқымыздың болмысымен де мүлде байланыспас жағдай. Халқымыз ежелден "Дені саудың жаны сау" деп насихаттаған. Денсаулықты күтудің, оны қорғаудың жолдарын көрсеткен.

 Сөзімді қорытындылау мақсатында, Абай атамыздың жоғарыда келтірген қарасөзін мысал еткім келеді. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Абай Құнанбаевтың бұл сөздері қазақстандық әр жас үшін басты бағыт, мәңгілік мотивация болса екен дер едім. Білсем, көрсем деп талпынған жан әркез жақсылық жолын таңдайды. Зиянды әрекеттерден аулақ болады. Жүрегі елім үшін деп соғып, жанары жалындап тұрады. Жан құмары біліммен, салауатты ғұмырмен байланысты. Еліміздің өркендеуі үшін барлық жанның бойында хакім Абай атап өткен әр сөз сақталуы тиіс. Сонда ғана, еліміз болашағы жарқын, дамыған мемлекетке айналмақ.

 

#есірткігеқарсыбайқауы