Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға
Есірткісіз өмір ғажайып
Адам денсаулығы – қоғам байлығы.Әрбір адам өз денсаулығының мықты болуын қарастыру керек!Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған есірткінің келтірер зияны ұшан теңіз.Есірткі – табиғи гормондарды еліктіретін химикаттар. Есірткілердің әсеріне ағзаның жауап беру тәсілдерінің бірі – есірткі әсеріне қарсы әсер ететін гормондарды бөлу.Есірткі заттарының әсерінен тұлға өзгеріске ұшырайды.Мінездің акцентуациялануынан, психопатиядан, мидың органикалық зақымдануынан тұлғаның қоғамға бейімделуі қиындай түседі.
Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады.Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне адам ойына келмейтін жауап қайтарады.Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау,жеңілтектік,жан-дүние,мінез-құлық пен дүниетанымның толық қалыптаспағандығы,иланғыштық,кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер.
Есірткінің ерекшелігі сол, адам оған бір ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып қалады.Міне,адамдардың нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр.Танысы бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең,шексең, нашақор болмайсың,қиындықтардың бәрін ұмытасың, жаның тыныштық табады деген арбау сөздермен нашақорлық жолына тартады.Ал әлеуметтік қиындықтардан,отбсындағы ұрыс-керістен, жұмыссыздықтан шаршаған азамат қиындықтан аз уақытқа болса да «қашып кетуді» ойлап, есірткінің дәмін татады да, нашақор санатына қосылғанын білмей қалады.
Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді?Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мыналар:ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытының болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы, отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі қолдануы, әкесі мен шесінің жиі жанжалдасуы,өзінен үлкен досарының жетегінде жүруі,әлеуметтік жағдайдың төмендігі,т.б.
Ал енді жастарды есірткіден қалай қорғап қалуға болады? Ата-анасы балаға көбірек көңіл бөліп, темекі, спирттік ішімдіктің, есірткінің зияны туралы жиі айту.Мұндай әңгімелер іш пыстырмайтын болғаны дұрыс және де бостан бос миды ашытпай, жәй айтып қоймай, мысал да келтіру қажет.9-12 жасар балалардың психикасы сезімтал болады, олар көргенін өмір бақи ұмытпайды. Сонымен бірге осы жастағы балалар есірткіге сирек әуес болады.Осы жастарда балаңызға аса көңіл аударыңыз.
Қорыта келе, денсаулығымызға зиын келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық, достар!Барлық мұғалімдер, ата-аналар, милиция қызметкерлері, заңгерлер бірігіп күш жұмсаса, балаларды есірткіге әуестендірмей тәрбиелеуге болады.Қоғам нашақор адамдарды уақытында анықтап, оның азбауына жол бермей, бір шаралар қолдану керек. Сол есірткіге берген ақшаңыз бен уақытыңызды отбасыңызға бөлсеңіз. Қазақ «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен» деп бекер айтпаған.Сондықтан осы бастан есірткіден бойымызды аулақ ұстайық!Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болатын ол қазіргі жас ұрпақ, сол мемлекетімізді биік шыңдарға жеткізу, халқына қызмет ету тек қана дені сау жастарымыздың қолынан келеді.Салауатты өмір салтын қолдайық!
Қалдыбек Алия
Қызылорда қаласы
212 мектеп-гимназиясы
#есірткігеқарсыбайқауы
@upndpkzo