Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып
жеке
блог

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

         Есірткісіз өмір ғажайып!

Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға,
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін,-деп Мағжан атамыз жырлағандай, кез-келген мемлекеттің болашағы – көзі ашық, көкірегі ояу, дені сау, білімді ұрпақ. Болашақтың көпірі, біз, жастар, есірткінің адам өмірі үшін қаншалықты зиян екенін түсіне отырып, түбегейлі қарсылық білдіреміз.
Қазіргі кездің өзінде теледидар, интернет желісінде "Есірткіге тәуелді адамдардың денсаулығы", "Заңсыз есірткені тасымалдау", "Есірткенің адам өміріне қауіпі" туралы ақпарат көреміз. Қаншама жылдар бойы есірткімен күрес жүргізілсе де, бұл мәселенің оң шешім таппағандығы жүректі қынжылтады.
Адамның өмірі мен денсаулығын бұзатын есірткі ерлердің ғана емес, аяулы қыздардың да, жастардың да денсаулығына өз зиянын тигізіп келеді. Нашақорлық адамның ішкі құрылысына, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі, асқазан мен ішек жолдарына және тағы басқа ағзаларына өте үлкен көлемде залал әкеледі. Барлығымыз білетіндей, есірткі адам өкпесін улап, өкпе ауруларын тудырады. Ал ол өз кезегінде өлімге алып келеді.
Қарапайым тілмен айтқанда, есірткі адам ағзасын әлсіретеді. Бірақ та көп адамдар есірткінің зиянын ойламай, оның өздеріне "рахат" екен деп, өз өмірлерін өздері құртады. Ал өмір - әр адамға ұзаққа берілмейтін, керемет нәрсе. Ал оны өз қолымен бұзған адамдардың өмірі ұзақ бола бермейді. Сондықтан да, есірткіге қарсы күресті бірлесіп жеңуіміз керек!
Осының барлығын біле тұрсақ та, еліміз бойынша 18 мың адам есірткіге тәуелді деген есепте тұр екен. Бір Қазақстанның өзінде осыншама халық есірткіге тәуелді екенін білген кезде бойыңды үрей билейді екен.
Қорқыныш... Мыңдаған сұрақ... Неге?
Есірткінің осыншама зиянын біле тұра неге пайдаланамыз?
Неге өз денсаулығымызды өз қолымызбен құртып жатырмыз?
Неге өз балаларымызға осындай жаман үлгі көрсетіп жатырмыз?
Бірақ, біз, ХХІ ғасыр жастары дамыған заман балаларымыз. Біздің ой-санамыз жетік дамыған, ақпарат алу мүмкіндігіміз бар, ақ пен қараны ажыратып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін сараптай алатындай ақылымыз да жеткілікті. Сол себепті де, Еліміздің жарқын болашағы үшін – біз есірткі пайдалануға қарсымыз және елімізде есірткінің таралмауына өз үлесімізді қосамыз!

Советова Меруерт 

Қызылорда қаласы 

212 мектеп-гимназиясы 

 

#есірткігеқарсыбайқауы

@upndpkzo