"Есірткісіз өмір ғажайып"

"Есірткісіз өмір ғажайып"
жеке
блог

                                                 Есірткісіз өмір ғажайып!

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

     Денсаулық-адам өмірі үшін ең құнды дүние. Оны жоғалтып алсаң, қалпына келтіру өте қиын болады. «Дені саудың-жаны сау» демекші, адам дамып-жетілу үшін еңбек ету керек.Ол үшін ең әуелі денсаулық керек.Алайда адамдар өз құнды байлығының қадірін білмей, өз өмірлерін бағаламай жатқаны белгілі.Адамды өлімге тартушы дүниенің бірі-есірткі.Оны ойлаудың өзі өте қорқынышты.Бұл зиянды заттар адамның ақыл-естерін, жанның саулығынан да айырылады.Есіркіге тәуелді жандар езіліп, елмен араласудан қалады. Олар өз өмірлерін құртқанымен тұрмай, қасындағы адамдарды да есіркіге тәуелді қылады. Ондайлардан қоғам да, табиғат та жиренеді.Есірткі қолдану, яғни нашақорлық-қоғамымызда белең алып отырған келеңсіз жайттардың бірі.Есірткінің жолына түссең,онан құтылудың жолы екі талай.Әсіресе осы зиянды затқа жастарымыз уланып жатыр.Жыл сайын есірткінің кесірінен қаншама адамдардың өмірі қиылуда.Қаншама бейкүнә адамдар есірткінің құрығына ілініп өмірден өтіп, талай ауруларға ұшырауда. Есірткіні бизнес қатарына енгізіп отырғандықтан,әлі де қаншама жастарымызға, аға-әпкелерімізге, осы зиянды заттардан өте үлкен  қауіп төніп тұр. Есірткісіз өмір сүре алмайтын жастарымыз қаншама.Сондықтан әркімнің өз өмірі өз қолында.Бақытты болғың келсе, мұндай жаман жолдан аулақ болған жөн.Көбінесе адамдар өмірдің сынақтарына төзбей,осындай жаман жолға түсіп кетіп жатады.Есірткіні бір қолданғаннан кейін, одан бас тарту қиын екені және бар өмірің осы қателіктің кесірінен құтылатыны белгілі. Сондықтан кез-келген шешімді қабылдамас бұрын жақсылап ойланыныз.Сіз үшін жанын беруге дайын ата-ананызды және бірінші өзіңізді ойлаңыз.Адам өз өмірінің басшысы,бәрі өз қолында.Денсаулығымызды күтейік, салауатты өмір салтын ұстанайық.Жарқын болашағымыз үшін алға қарай қадам басайық. Есірткіге жол жоқ! Есірткісіз өмір ғажайып!

 @upndpkzo

#Есірткігеқарсыбайқауға

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы, №94 орта мектеп оқушысы Сағынтай Гүлжайна.