Есірткісіз өмір ғажап!

Есірткісіз өмір ғажайып!

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

         Денсаулық-адам үшін ең құнды, бір рет жоғалтып алсаң, қалпына келтіру қиын болатын, шектеулі ресурс «Дені саудың жаны сау» демекші, адамның дамып жетілуі, еңбек етуі, өмірден ләззәт алу үшін ең әуелі денсаулық керек. Алайда, адамдар өзінде бар ең құнды байлықтың қадірін білмей, денсаулығын да ,өмірін де астан-кестен етіп жатқандығынан бейхабар.

         Адамды құрдымға тартушылардың бірі-есірткілер. Аты айтып тұрғандай, бұл зиянды заттар адамды есіртіп, оны ақыл-естен, тәннің де, жанның да саулығынан айырады. Бұл адамның өзіне ғана әсері, ал қоршаған ортаға  зияны мұнан да көп. Есірткіге тәуелді жандар, езіліп, елмен араласудан қалады. Ондайлардан қоғам да, табиғат та, жиренеді. Ауаны түтіндетіп,зиянды қалдықтармен жер-көкті ластайтын бұл удың әсері ауру былай тұрсын айықпас дертке жеткізеді.

                Есірткі қолдану, яғни нашақорлық қоғамымызда белең алып отырған келеңсіз жайттардың бірі. Бүгінгі таңда нашақорлық пен есірткіге қарсы күрес ғаламдық сипатқа ие болып отыр. Есірткі қармағына бір ілінсең, торға түскен балықтай қанша бұлқынғаныңмен құтылуың екіталай. Әсіресе, есірткінің жастар өмірін өксітіп, санасын улауында болып түр. Жастарды көктей орып, жуадай солдыратын айықпас кеселге айналды. Жыл сайын есірткінің кесісірінен миллиондаған адамдардың өмірі қиылуда. Қаншама бейкүнә адамдар есірткінің құрығына ілініп,д үние салып, талай ауруларға ұшырауда. Қаншама үміт үзіліп, армандар күйреуде. Есірткі бар жерде есірткі бизнесінің қатар жүретіні белгілі. Бұл,дегеніміз, бүкіл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Нашақорлық – адамның рухани күйреуі, қоғамнан ажырауы, ерік-күшінің жоғалуы. Сондықтанда біздің ортақ міндетіміз есірткісіз болашаққа бет бұру. Ол үшін бүкіл қоғам болып, немқұрайлыққа салынбай бәріміз бірге күресуіміз керек.

Еліміздің ертеңі жарқын болсын десек, ел болып, халық болып ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін есірткіден бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанайық. Ғылым мен білімге ден қойған жастар ешқашан ессіз есірткінің арбауына түспейтіні анық. Олай болса есірткісіз болашақ алыс емес екеніне күмәнім жоқ. Өйткені мен,менің достарым білімге, ғылымға құштармыз. Алға қойған мақсатымыз анық, бағдарымыз айқын. Біз есірткіге қарсымыз!

         Қамшының сабындай қысқа өмірде бос әрекет, еріншектік, сабырсыздық,өзіне де, өзгеге де залал тигізумен одан сайын қысқартпау үшін есірткіге «Жоқ» деуіміз керек.

              Нашақорлық-азап,

              Есірткісіз өмір ғажап!

Қызылорда қаласы

Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектептің 8 А сынып оқушысы Кажденбекқызы Альмири

@upndpkzo

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына



Бөлісу: