Есімдер сыры (байқау)

Есімдер сыры (байқау)
жеке
блог

Сәлем, МАССАГЕТТІК оқырмандар! Қазақ халқы дүниеге келген нәрестеге есім қойғанда ерекше мән берген. Мен "Таңшолпан" бағдарламасынан көріп қатты күлгенім бар! Сіз білесізба? Лимон, Дипломбек, Балтабай есімді әйел, тіпті маймылша есімді қазақ бар екен! Әр есімнің өз тарихы, өзіндік сыры бар.Әр адам өзінің есімінің әдемі болғанын қалайды. Елімізде сан түрлі іс-шаралар өту барысында дүниге сәби келіп, оларға соған орай есімдер қояды екен! Мысалға, Қазақстанда қысқы азияда ойыны, самит дүрекіреп өткенде:

Азиада-15 қыз

Азиада-4 ұл

Саммит-19 ұл

Саммита-3 қыз

Самитхан-13 ұл

Нұрсаммит-3 ұл

Самитбек- 2 ұл дүниеге келді. Бұлай ат қойған тек қазақ отбасылары екен.

Бразилияда футболдан өткен әлем чемпионаты кезінде дүниеге келген 200-ге жуық аргентиналық сәбиге Мэсси есімі беріліпті. Ал Буэнос-Айрес пен ел астанасында шамамен 100 балаға Лионель, тағы сонша нәрестеге Леонелия аттары қойылған екен. Елімізде де дүние есігін алғаш ашқан сәбилерге алуан түрлі аттар азан шақыртылып қойылып жатады. Тіпті ата-аналар өз балаларын ЭКСПО, Шырша, Окилахон, Бриллиант деп атап, елді таңқалдырға жағдайлар да кездескен еді.Бұл мәліметтерді алу үшін интернет желісене жүгіндім. Біз Массагетте жоспарымызға Мақсат қойып жетудеміз.Маған қызық болды, ойыма вконтакте желісінде МАҚСАТ есімді қанша адам тіркелгенін санап көрдім 3675 МАҚСАТ есімді адам тіркеліпті, міне қызық!? Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ бүгінге дейін дүниеге келген ұл-қыздарға мынадай есімдер қойылады екен. 

Ұл балаларға:Ерасыл, Әлихан, Мирас, Артем, Арсен, Диас, Әмір, Әділет, Әли, Руслан, Азамат, Алдияр

Қыз балаларға:Айзере, Айару, Інжу, Кәусәр, Айжан, Аружан, Әмина, Аяулым, Іңкәр, Сезім, Ақерке, Алина, Аяна, Сәбина есімдері қойылады екен! Қазақ отбасылары көбіне ұлы тұлғалармен, қайраткерлердің есімдерін қойғанды жөн санайды, мысалға, Абай, Абылай, Жәңгір, Мұқағали, Жамбыл, Әлия, Мәншүк сынды есімдер қояды, мұны жақсыға балап, солар секілді азамат болғаның қалайды.

Оқырман, сіз болашақта өз ұл, қыздарыңызға қандай есім қояр едіңіз?

Өтініш! Егер лайқты болсақ лайқ басып, пікір қалдыруларыңызды сұраймын!? Бізге маңызды!