Ескі затқа жаңа өмір сылау да қолөнердің бір түрі.
Ендеше, шорты-дың жасалу жолын көрсетейін.
Ең алдымен ұзын джинсымызды қысқа етіп кесіп аламыз да, өзіміз қалаған пішінге келтіреміз. Мысалы, мен балағын түріп қойдым, бұл өте сәнді көрінеді. Тігетін кезде шешіліп кетпес үшін, балағына шаш қыстырғыш тағып қойдым, сонда ыңғайлы болады.
Енді, арты қалтасын бірнеше сызық етіп көлденеңнен кесіп аламыз.
Сосын, кесілген жердегі көк жіптерді қас тергіш құралмен әрқайсысын алып шығамыз.
Міне, осындай болады.
Оның асты жақтарын инемен тігіп тастаймыз.
Алдыңғы жағының аз бөлігін де осылай тілеміз. Сосын, оның шаш қыстырғышпен қысып қойған балағын тігеміз. Сосын оған әдемі болуы үшін белдік тағамыз.
Міне, дайын!
Енді киіп көрейін)
Егер менің блогым ұнаса, лайк басып, пікір жазуды ұмытпаңыздар=)