Ернар Айдар (байқау)

Ернар Айдар (байқау)
жеке
блог

Сәлем, массагеттік достар! Қалайсыздар? Әр адамның өзінің сүйіп тыңдайтын әншісі, әндері болады. Мен сол өзімнің жақсы көретін, сүйіп тыңдайтын әншім туралы жазбақпын.


Менің әншілердің арасындағы жақсы көріп ,сүйіп тыңдайтын әншім - Айдар Ернар Жаңабайұлы. Ернар Айдар  1991 жылы наурыздың 13 жұлдызында Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда әкесінің  ақ батасымен, ағасының қолдауымен сахна төрінде жүр. Ернардың продюссері "Ағасы бардың-жағасы бар" демекші өзінің туған ағасы -Талғат Айдар. Ол кісінің сазгері Бауыржан Есебаев, музыкалық композиторы Қуаныш Құрманғалиев. Сахнаға шыққанына көп болмаса да аз уақыттың ішінде халықтың қошеметіне бөленіп ,талай адамның сүйікті әншісіне айналып улгерді. Қазіргі кезде Ернар Айдардың 80- нен астам әні бар. Қазақстанның түкпір-түкпіріне 500-ден  астам  концерт  берген. Ернар Айдардың өзінің бір ерекшедей  керемет даусы бар. Мен үшін күміс көмей,а лтын дауысты әнші. Осы уақыттағы хит әндердің орындаушысы: "Сенен басқа кімім бар","Жарығым-ай","Жарайма","Шайхана","Сүіп алам","Жан гүлім","Суйе бер","Бейкүнә жүрек" және т.б.көптеген әні бар. Маған бұл кісінің әндері сондай-ақ өзі қатты ұнайды. Сахнада өзін ұстауы, әнді жүрекпен айтуы керемет. Өзі сондай сүп-сүйкімді, қарапайым, мейірімді, жүрегі кең әнші. Ернар Айдарды көп адам сахнаға шыға бастағаннан оны Қайрат Нұртаспен көп салыстыратын болды. Ол Қайрат Нұртасқа еліктейді, Қайрат сияқты билейді, соның ісін қайталап жатыр деп айтады. Сіздерден өтінерім олай салыстырудың қажеті жоқ. Қайрат Нұртас өз алдына талғамы бөлек әнші. Ал Ернар Айдар мүлдем өзгеше әнші. Олардың бір ортақ нәрсесі сазгерлері бір адамдар. Өйтіп адамды салыстырып, әншіге де, әншілердің жанкүйерлерінің намысына тимесеңіздер. Сіздерден өтінемін. Әр адамның өз сүйіп тыңдайтын адамдарға оңай тимейді. Себебі әр адам өзінің әншісін ерекге санап, сүйіп тыңдайды. Ернар Айдар менің де сүйіп тыңдайтын әншім болғандықтан айтып отырмын. Ол кісінің суреттерін, әндерін күнде қарап, тыңдап отырамын. Суреттері мен әндерін ұялы телефоныма басып алғанмын. Ернар Айдар керемет әнші. Әрқашанда биіктен көріне беріңіз. Еешқашанда өнер жолында қанатыңыз талмасын. Халықты жаңа әндеріңізбен қуанта беріңіз! Тек алға! Біз сізбен біргеміз!!!