Ерекше естеліктерді əдемі сақтау жолдары... Сіз нені күттініз? Бұл-күнделік жазу! Иə, иə күнделік жазу! Күнделік жазу арқылы сіз ешкімге айтпас сырларынызды, əр күнгі сезімдерініз бен ерекше сəттерінізді мəңгілікке сақтай аласыз!
Өз басым күнделік жазып жүргеніме екі жылға таяды. Менің күнделік жазудағы алғашқы себебім 《сенімсіздік》болды. "Егер өз сырымды өзім сақтай алмасам, басқалар қайдан сақтасын?" мен осылай ойлайтынмын. Қазір күнделік жазу сүйікті ісіме, күнделігім сүйікті құралыма айналған! Жəй ғана жазып қана қоймай, əдемілеп, сурет салып, күтіп ұстаймын! Қыз баласы сұлулыққа құмар ғой! Жалпы күнделікте сіз дəл қазіргі сəттегі сезімініз, ой-пікірініз, қалауыныз сақталады. Мен қазір 16 жастамын, ал 5 жылдан соң мен дəл осы сəттегі сезімде яки пікірде қаламын ба? Əрине, жоқ! Тіпті алдыңғы жылғы жазбаларым менің жүзіме күлкі үйіртеді. Болашақта ең маңызды сəттерді естен шығарсам ше? Жоқ, мен бұны қаламас едім. Міне, осы себептер менің күнделік жазуыма одан əрі құлшынтады.
Сіз ше? Күнделік жазасыз ба?