Емен арманы
блог
Бұл жердегі орманға адамдар редік келуші еді. Соңғы кездері келгіштейтіндер саны да көбейіп кетті. Өздері орманға от жағады, аң аулайды. Сол себепті, бұл кездері орман халі тіпті нашарлап кетіті. Ықылым заманнан бергі орман еді-ау! Сол ескі заманда егілген жас ағаштар кәрілікке жетіп бәрі де шабылды. Бәрі де адамдар әлемінде жұрағат, тұқымымен қызметке жарап жатыр. Бірі сіріңке, бірі кітап, бірі жиһаз, бірі отын боп кәдеге жарап та жүр. Тоғайдың қазіргі келбеті әсем. Мұнда жас ағаштар тамырын тереңге жайып, тыныстап тұр. Жас ағаштар еңсесін көтергендей жадырап тұрған секілді. Батыстан шығысқа соққан жел орман ішінен әсте өтпейді. Оны сыртқы ағаштар қалқалайды. Жел төбемен өте бере, орманның ұшар басындағы ағаш ұштарымен ақырын ғана ойнап өтеді. Аспаннан төмен қарай қиғашынан да еседі. Ағаш атаулысы жайлап соққан майда желдің ығымен әсте тербеліп, теңселіп қояды.
Орманның шет жағасына шыға бере, ара-арасынан көнетоз қарияға ұқсас кәрі ағашты көресің. Денесіне қарап ағаштың қариясы ма, деп қаласың. Түрі жүдеген қалпы, қатпар-қатпар жиырылған әжімдер. Адами көзбен барласаң, көңіл хошы да онша емес-тін. Көзбен көре бұл ағашты қатпары көп, ойлы ағаш дейсің. Мұнда келген азар адамдар орман этикетін сақтамайды. Сол кәрі ағаштың қыртысталған қатпарлары келісті, әдемі-ақ еді. Тек мынау қылпу келген жастар ағаш өңін әбден құртып жіберді. Өздерінің есімдерін кәрі ағашқа ойып жазды да қойды. Ал, не болды содан? Құдды ағашқа ойып жазған аты тарихта қалатындай мәз. Ендігі ағаш тұлғасы айғыз-айғыз, сатпақ-сатпақ. Кәрі ағаш айналасына еңсесі түсіңкі шыраймен қарайды. Ішінде шығара алмаған мұңы бар іспетті. Сонша ағаштың ішіндегі ең кәрісі, ең білімдісі сол ағаш болатын. Заманның көнесінде адам баласы өте сирек келетін кезде бұл тым жас болатын. Тірі табиғаттың астанасы дерсің орманды. Жас ағаш еді ғой! Елік, бұғы, марал,тіпті, қасқырдың өзі осы ағашқа зиянын тигізбестен өтетін еді. Енді міне, сол саналы деген тіршіліктің істеп кеткені мынау. Жануар құрлы болмады. Кейде, адам қаласынан жануарлар қаласы таза-ақ деп қаласың. Әрі ойлағандары өз қамы емес, бауыр еті балаларының қамы... Балалары үшін алыспай беріспейді. Ашықпаудың қамын жасайды. Сол жануар үшін осы ағаш та талай дүние атқарыпты-мыс. Қоян қасқырдан қашса, осы ағаштың қорғанында болып жан сақтайды. Тиін еменнің жаңғағын қорек етеді, осы ағашқа ұя салады. Тоқылдақ еменге, емен тоқылдаққа пайдасын шашады. Міне осындай күйбең тіршілік. Ал бұл ағаш оларға сая, оларға пана. Бір-біріне жәрдем, бір-біріне қорған. Сол кәрі ағаштың жастығы осылай өткен-ді. Кейде іштей ой-толғамға кетеді. Бұл жануарлар күнде осы ағаштың алдына келіп алысады. Жануарлардың ойынын, қызығын бәрін-бәрін көрген-ді. Басқа ағаш жоқтай, жануарлар да осы еменнің алдына келіп қипақтайды. Ол кезде де осы алып тұлғасымен еңсесін тіктеп тұрып қарайтын. Бұл жануарлардың маза алғыштығына сірә ренжімейтін. Іштей мырс ететін. Кәрі ағашта шығарар, сөйлер тіл жоқ. Тек ішінен ғана сөйлейді. Ішінен ғана ойланады. Ішінен күрсінеді, қуанады. Бар ойын, бар арманын сыртқа жария ғып жібере алмайды. Ұстамдылығы бар, сабырлы ағаш...
– Жас ағаштарды орманда кесуге тыйым салынған. Бұл заңға қайшылық – деді төрде отырған, костюмі өзіне жарасымды председатель.
– Ағасы, енді біз жиһаз, дәптер, кітап дегендерді осы ағаштар болмаса қайдан аламыз?.. Алдында сіріңке шығаратын зауыт тапсырыс беріп еді. Ешкімге білдірмей 4-5 үлкен ағаштарды отап алсақ...
– Басың бар болсын сенің. Кесілген ағаш орнында ізі қалмайды деймісің?! Ақылгөйсуін қарашы тегі...
– Мырза енді не дейсіз?! Оны тексеріп жатқан ешкім жоқ қой бәрібір.
– Болмайды дедім, болмайды.
– Мырза...
Түстен кейін орманға ат басын тіреген председатель орман ішін аралай жүрді де қойды. Жүзінде арман бейнесі бардай. Ағаштармен тілдескісі келетіндей. Осы орманға келсе, жаны рахат табады. Қиялға беріліп кетеді. Ағаштардың кереметтігін өзі ғана көзбен көре алатындай қалыпта.
– Ассалаумағалейкүм, мырза! – деп қолын алды орман қорғаушысы.
– Уалейкүмәссәләм, қалай жағдай? Іс қалай, шаруалар оңынан ба? – деді күлімдеген жүзбен.
– Иә, мырзаш, тек адам басы орманға көптеп келетін болып жүр. Ормандағы ағаштарға таңбасын қалдырып кетеді деп миығынан мырс етті.
– Жайбасар, деді іштей... Сен қалай бассыздыққа жол бердің? Ережелерді түсіндірмейсің бе, әлде?..
– Жоқ, мырзеке келер күні бәрін айтып ем... Жолдасым болмағасын өзім орманның кіреберісінде отырдым. Өздері жолды білеміз, ережелерді сақтаймыз дегесін... Бүгін тексерсем осындай жай орын алыпты.
– Енді мұндай қайталанбайтын болсын дегендей сұсты қабағымен бір шолып өтіп, түсін суытып, орман ішіне аяңдай берді.
Көңілі албыртып ағаштарға елжірей қарайды. Бұл ағаштарда үн жоқ. Іштей де сырттай да сөйлеп тұрған жоқ сияқты. Председательдің қасына сырлас керектей. Ол өзі сондай біртүрлі адам. Адаммен сырласқаннан гөрі табиғатпен, мүлгіген тыныштықпен сырласқанды мақұл көреді. Өзі де кішкентайында ағаш атаулысын жақсы көретін. Ағаш егіп, өзі өсіретін, баптайтын. Енді міне, ер жетіп орман оқуын оқып, "ағаш" деген сүйгеніне қосылған-ды. Сондықтан ағаш атаулысын қатты жақсы көретін. Оларға әлі де қорған болатын. Аяғын самарқау басып келеді. Орманның табиғаты елді елең еткізердей ғажап күйде.Орманның шегіне жетер-жетпес жерге келіп біраз іркіліп қалды. Тоқтауының да бірден-бір себебі, кәрі емен. Қудай сорайып,қураңқырап қалған шөп сияқты болып кетіпті. Бұрын іріленген ағашы енді міне өз денесін ішіне бұғып жатқандай халде. Дәу еді ау! Сонша үлкендігі аласарып бара жатқандай. Қыртысталған ағаш денесі тегіс әжімделгендей боп құрғап кетіпті. Құп-құрғақ. Председатель "қартайыпты" – деді іштей. Мұндай ағашты кім аясын?..
– Жапандағы жалғыз ағаш емес қой оталып жатқан. Осыны кесерміз – деді. Орманшы жетіп келіп, – Иә көз көргенім осы ағаш. Отау керек. Өлі ағаштың пайдасы жоқ қой бәрібір. Тірі ағаш тіршілігін жасай берер. Тым құрыса осы біреуін отасақ, қашанға дейін тұрады енді?! – деді. Председатель мақұл дегендей ишара жасады.
– Орманшының айтқанын сөзіне келіспес ем. Өлі ағаш дейді ғой – деді кәрі емен. Менің тамырым бар. Ол тамыр жердің астына тұтас таралған. Жер мені ұстап тұр. Мен тыныстап тұрмын әлі де. Бірақ, кәрілікке жетіп, қалжыраған шағымда орын алып, елдің көзіне күйік болғанан түк пайда жоқ дегендей кейісті мұңмен елжіреп кетті. Ендігі бар пайдамды адам алдында жаратсам деймін. Мүмкін, үстел, орындық, әлде, қарындаш болармын. Адам алдында ұшан-теңіз пайдамды келтірермін. Жо-жоқ, шіркін, кітап болсам ше? Иә кітап... Оқырманым мені қадірлер. Мен бүкіл адамзатқа білім нәрімді беремін. Олар менің алдымда сонда бас иер. Шекспир үшін тақтан да қымбат болған кітап болсам, ендігі менде арман жоқ– деді сәлден соң еңсесін көтеріп.
Күн сәскелікке жетті. Отаушылар да, орманшылар да бүгіндік істі аяқтауға кіріспек. Құрғақ жолдың шаңын аспанға көтеріп отаушылар келеді. Ұзыннан-шұбақ орналасқан крандар да орманға табан тіреді. Отаушыларға қарай ілби басып председатель келеді. Көп боп келгесін тағы бірнеше ағашты отап алмаққа рұқсат алыпты. Председатель қай ағашты кесуге болатын-болмайтыны жөнінде әр сөзін шегелеп айтты. Жабдық дайын. Көш-керуен түзелді. Бір-екі ұзын ағашты камазға тиеп те үлгерді. Енді сол баяғы кәрі еменге отаушылар қолын соза берді. Бұл ағаштың шарапатын көрді. Енді одан арғы "кітап босам" деген өз ниеті орындалса болғаны. Кәрі емен жерге селдей екпінмен дүрсе құлады. Өзге дүниеде үн жоқ. Председательдің сол еменді кесуіне қарағаны сол екен, кесе бастаған сәтте-ақ маңдайынан суық тер бұрқ ете түсті...
Емен кәдеге жарайтынына шын ықыласпен басқа өмірге, бөлек әлемге кете барды. Бірақ ол кітап болды ма? Басқа болды ма? Ол жағын емен жайы біледі...