Елге қауіп қайдан келеді?(байқауға)

Сәлем достар! Менің блогым алдыма қойған мақсатыма ешқандай қатысы жоқ, бірақ әрбір қазақтың білгенің қалаймын.

Біз қазақ әрқашан қонақжай халықпыз. Келген қонақты ұлтына, нәсіліне қарамай жылы қарсы аламыз.Қазір елімізде 130 дан астам ұлт өкілі тұрады. Елбасымыздың арқасында бәріміз татумыз. Бірақ кейінгі жылдары қазақтардан шетелдіктер көбейіп бара жатыр. Әсіресе, қытайлар мен орыстар. Біз шекарамызды жапқанмен оларға бұл кедергі бола алар емес. Қазіргі уақытта дейін 20 жылдың ішінде қытайлардың саны 300 мыңға жеткен. Олардың жартысынан астамы еліміздің байлығын игеріп, басқарып отыр. Осы уақытқа дейін қытайлардың 5000 адамы Қазақстан азаматы атанды. Оған қоймай қазақ қыздарын әйелдікке алғысы келеді екен. Олардың ойларынша қазақ қыздарына үйленсе балалары әдемі болады. Егер қазақ қызы қытайша білмесе үйретіп аламын дейді, өздері үйренеміз демейді. Сондықтан қазақ қыздары қандай болса да өз қандасымызға ешкім жетпейді. 

Қай елдің болмасын қыздары мен әйелдер бұзылса, онда көп ұзамай ел күйрейді деген сөз. Мысалы, Франция мен Тайландты айтсақ. Бұл елдердің білім, ғылым мен техника жағынан озық елдер еді. Оларды көре алмаған басқа елдер "Әлемдегі ең сұлу қыздар Франция мен Тайландта" деп бүкіл дүние жүзіне жар салды. Не керек еркек атаулының барлығы сол елдерге ағылды. Бір ғасырға жетпей ол екі елдің шаңырағы ортасына түсті. Ал Жапония болса осындай алдамшы сөздерге сенген жоқ. Өз елдерінде жабық саясат ұстанып, келген туристерді өздері қадағалап елден шығарып салып отырды. Сондықтан олар өз діндерін, салттарын сақтап қалды.

Қазақ бауырлары ойланайық. Бізге жаны ашитын, біз үшін қайғыратын шет елдіктер емес, тек қазақтар. Өз дініміз бен салтымызды сақтайық



Бөлісу: