Досым мақсатыма жетуге көмектеседі. (Байқау)

   Сәлеметсіздер ме! Мен Эрудиттің тобының мүшесі Арайлыммын. Жазғы демалыстарыңыз қалай өтіп жатыр. Көңіл күйлеріңіз қалай? Массагет сайтына байқауға қатысушылар мақсаттарыңыз орындалып, арман шыңынан көруге тілектеспін.

     Ал енді мен 3 ші блогты мақсатым туралы жазуға арнадым. Айта кетсем мен тек 1 мақсатымды ғана жариялаған болатынмын. Ал екінші мақсат қандай? Менің екінші мақсатым досыма көмек қолын созу.

     Жоғарыға назар салыңыз. Көріп тұрғаныңыздай әуеннен ләззәт алып, өзін осы әлемдегі бақытты иттей сезініп тұр, солай емес пе? Ал менің итім...

      Сіздерге өз итімнің басынан өткен оқиғаны айтқым келеді. Менің итімнің аты – Тузик. Тузикті маған туған күнімде әжем сыйлаған. Тұқымы - кандин. Жақында екеуміздің де туған күніміз келе жатыр. Күшік кезінде Тузик сондай сондай сүйкімді болды. Айтарға сөзім жоқ, оны бір көргеннен періште күшік деп ойлап қаларсыз. Бірақ анам Тузикке бір қабағы ашылмай қойды. Оның жалғыз себебі бар: ол оның қыз, яғни ұрғашы күшік болғанында. Өздеріңіз білетіндей қазірде барлық адам еркек күшіктерді жақсы көреді. Себебі, ұрғашы күшік ұрпақ жалғастырушы болғандықтан, олар көбейіп кетеді. Міне сондықтанда... Бірақ маған бәрібір болатын, ол кезде мен 7 жастамын. Көрші үйдегі қыздармен ойнап жүруші едік. Олар өздерінің қуыршақтарын киіндіріп мақтанса, ал мен Тузикті матаға орап, басын ғана шығарып қойып, бөпе қылып ойнаушы едім)))) Бірақ сол бір оқиға болмағанда...

     Арада 1 жылдай уақыт өтті. Тузикте біршама өсіп қалды. Құлақтары әдемі тұратын болып, құйрығы қақшиып әдемі болып өсті.

   Бірақ содан кейін Тузик далаға қаңғыруды шығарды. Магазинге кетсекте ізімізден ілесіп келеді. Кейде өзі бір жаққа кетіп кешке бір оралатын еді.

     Бір күні ағам әпкемді пойыздан күтіп алуға ал қызыл уақытта үйден шығып кетеді. Мен далада ойнап жүргенмін. Ағам кетіп  бара жатыр екен, оның ізінен Тузикте бір нәрседен қалғандай кетіп барады. Кешке ағам және татем келді. Бірақ Тузик жоқ. Ертеңіне тағы күттім келген жоқ. Қалай ойлайсыз ол неге жоқ???

     Арада 3 күндей уақыт өтті. Біздің Тузик әлі жоқ. Келесі күні Тузик кіріп келіп келді. Жағдайы қалай деп ойлайсыз. Мен сол кезді есіме түсірсем жылағым келеді. Тузиктің артқы бір аяғы ортасынан кесіліп қалыпты және құйрығы солайымен жоқ, аяғын салақтатын кіріп келді. Мен сол кезде қатты жыладым. Өзімді ұстай алмадым. Итімнің бұндай жағдайға түскеніне сенбедім. Кеше ғана шауып жүрген менің күшігім неге бүгін мұндай жағдайға түсті. Бұл сұрақтың жауабын ешкім білмейді. Менің сол кездегі таңданғаным, соншама алыс жерден біздің үйді қалай тауып келді?

     Содан әкем мен ағам сынған аяғын алып тастады. Аяғы тізеден кезіліп қалғанда, тізенің үстіңгі жағы үшіне қарай кіріп кеткен. Содан оны өзі жалап жалап сынған жері етпен бітеліп кетті. Ол енді ешқашан ұрпақ жалғастыра алмайды. Содан арада неше жыл өтті білесіз бе? Бақандай 7 жыл өте шықты.

      Бұл менің Тузигім.

     Бірақ білесіз бе, Тузик енді бұрынғыдай емес. Менің секіріп жүретін күшігім, қорқақ күшікке айналды. Оны ешқашан байлап қойған емеспіз. Өз қалауымен өмір сүреді. Бірақ далаға шығуға қорқады.

     Оның ең сүйікті тағамы – тәтті тағамдар. Тәтті көрсе есінен танып қалады, өзін сондай бақытты санайды. Барлық тәтті тағамдарды талғамай жейді. Ол мейлі печенье, кәмпит, балмұздақ, т.б. Суреттенде байқауға болады оның ойы тек печеньені жеп қою болып тұр)))

      Қазір ол менің жанымның бөлшегі айналды. Қыс болғанда оған сарайдың бір бұрышына жылы көрпе салып қоямын. Жазда өздеріңіз білетіндей, иттің жүні түсе бастайды. Сол түсейін деп жүрген жүндерін тазалап тарап қоямын. Әкем маған құлағын қасу үшін темірден ұстағыш істеп берді. Аяғы жоқ болғандықтан аяғымен құлағын қаси алмайды. Кейде қатты аяп кетемін. Мен қасып жатқанда кесілген аяғын қозғалтып жатыр. Өзіңз ойлаңызшы бір жеріңіз қыши бастады, бірақ сіз оны қаси алмайсыз. Мен Тузиктің шыдамдылығына қайран қалам. Аптасына бір рет үстін шомылдырамын. Су көрсе қашады, бірақ рахаттанады. Қашып бара жатқан кезде «Тузик... тоқта, тоқса деймін саған» десең, орнынан тамжылмай тұрып қалады))) Анамнан өлердей қорқады, себебі Тузик анамның егіп қойған гүлдерін бұзып тастай береді. Одан оңбай ұрыс естіген. Содан болар.  Бүлдірген нәрсесіне ұрыс естіген кездегі түрін көрсеңіз, өзін кінәлі сезініп тұрғанын білдіріп артқа қарап тұрады.

      Мен үйден шыққанда менің қолыма тапжылмай қарап тұрады. Өйткені мен тәтті нәрселер алып шығамын. Сосын оны бермей ойнаймын. Бірде тәттінің етегінен еремін деп, қамалып қалған. Келген адамның бірден аяғына бас салады. БІр аяғы жоқ болсада қатты жүгіреді.

     Айтары жоқ ол менің нағыз серік досым!!! Мен ондай досты ешқашанда таппаспын. Оған міне биыл 8 жыл толып отыр. Әлі күнге менің көз алдымда күшік секілді. Мен енді оның ұзақ жасағанын қалаймын.

   



Бөлісу: