Do you speak english?(байқау)
блог
Қазіргі таңда танымалдығы бойынша ағылшын тілі, қытай тілінен кейін екінші орында екені мәлім. Көп адам осы тілді еркін меңгергендік, оны үйренудің пайдасы зор. Мен де ағылшын тілінде еркін сөйлеп үйренгім келеді)
Мен ағылшын тілін үйренуді бірінші ағылшынша үйрететін сайттан бастадым.Грамматикалық тестті бірінші тапсырып, өзімнің деңгейімді білдім.
Негізінде мен бұл сайтты бұрыннан бері қолданатынмын, тек көп кірмеуші едім) Жалпы ағылшын тілін үйренуге болады, тек ниет керек. Ол үшін сіз өз жалқаулығыңыз бен сенімсіздігіңізді жеңуіңіз керек)
Сонымен қатар мен сөздік жаттап жүрмін, сол кезде ол миында жақсы сақталады, бірақ барлық сөзді жаттау міндет емес, тек жиі қолданылатын сөздерді жаттасаңыз болды.
Жалпы менің ағылшын тілін үйренудегі мынадай жоспар бар.
First, диалог арқылы ағылшынша үйренгісі келіп жүргендермен сөйлесіп, мүмкіндік болса видеоқоңырау шалып еркін сөйлеп "тілдік барьерімді" жою.
Second, ағылшынша, жазбаша тапсырмалар орындап, кішігірім шығарма не әңгіме жазу .
Third, түрлі видео сабақтар көру.Мен негізі тағы бір тілді үйренгім келген, "екі кеменің басын ұстаған суға кетеді" демекші, әзірше оны қоя тұруды жөн көрдім. Ағылшын тілін игерген соң, үйренемін деп шештім.
Міне менің алғашқы қадамдарым осындай, әзірше GOOD BYE! P.S. Сурет үшін Бақытнұрға өз алғысымызды білдіреміз) "Кемеңгер" тобы тек алға!