Десерт дайындап үйренейік! (байқау)
блог
Баршаңызға сәлем! Мен сіздермен өзім үйренген жаңа мәзірмен бөліскім келеді. Өткен аптада мен десерт дайындауды үйрендім.
Безе - өте жеңіл француздық десерт. Құрамы өте қарапайым, жұмыртқа ақуызы және қанттан тұрады. Тарихына келетін болсам, десерттің атауының өзінің бірнеше нұсқалары бар. Алғашқы нұсқасында Майринген қаласындағы италиялық аспаз Гаспарини бұл десертті "меренги" деп атайды. Басқа деректерде бұл десерттің рецебін франциялық аспаз Франсуа Массило ойлап тапқан делінеді. Ал, ортағасырлық Ресейде мұны "испандық жел" деп те атаған.
Енді бұл десерттің дайындалу жолына келетін болсам, ол үшін:
- 4 жұмыртқа ақуызы
- 1 стақан қант керек.
Алдымен жұмыртқаның ақуызын саруызынан бөліп аламыз. Ақуызды салқындатып алғанымыз жөн.
Одан кейін ақуызымызға қантымызды қосамыз. Оларды миксердің көмегімен араластырамыз.
Дайын болған қоспамызды қасықтың немесе кондитерлік шприцтің көмегімен табаға саламыз.
Одан кейін табаны пешке салып, 100 градус температурада 1 сағатқа қоямыз.
Дайын болған десерті жеміс-жидекпен немесе креммен ұсынуға болады.
Астарыңыз дәмді болсын!