Музыка дегенді тыңдамайтын жан аз шығар, сірә?! Әлемнің әр бөлшегін тілсіз-ақ байланыстыра алатын осынау сазды үн- бүгінгі таңда күндік өмірімізді құраушы факторлардың бірі.
«Әннің де естісі бар, есері бар». Сазына елтігеніңмен, сөзі тыңдауға келмейтін әннің қатары көп. Мін тағып отқаным жоқ, сөздің шыны осы. Қоғамға белгілі тұлғалардың арасында дәл осы тақырыпқа қатысты ескертулер де аз емес. Сонымен, саралап көрейік.
Мәтінінен мән табылмаған эстрада әндерін мен сынасам, «Аяз би әліңді біл» дейді-ау жұрт. Десе де, бойыңызда «Елім!» деп, қаныңыз тулап, тіл мәселесіне бей-жай қарамасаңыз, жоғарыда айтылғандай келеңсіздіктерді талай байқаған боларсыз?
Мені таңқалдыратыны: жеңіл-желпі сөздерден тұратын мәтінге тыңдаушы қауымның (яғни, біздің) қызбалануымыз емес, қызыға жаттап алуымыз. (Иә, «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер» әуен мәтіндері еңбектеген баланың аузынан да шығып жатыр емес пе?!
Кез келген тауар сұранысқа орай дамиды, көбейеді. Бүгінгі қазақ мәдениетін, ән өнерін қалыптастырушы сахна саңлақтары болса, олардың бағасын беретін, ұлттық өнер тарихындағы орнын анықтайтын- біз, тыңдарман қауым. Келісесіз ғой?
«Дауың бар ма не? Айт кел!
Тауып ал мін менен , кейін сөйле!
Ауыр бұны саған қабылдау,
POW-POW-POW! Түйін таба алмасаң – Сау!
Деміңді ал тереңге естіген сайын
Енді мен келгенде тұра алмай - тай!
Кім ол сенбеген? Бері кеп қайт!».
Атышулы 91. «Деміңді терең ал, естіген сайын!»