Дулат Исабековтың "Əпке"пьесасына негізделген "Қазақстан" ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген "Əпке" телесериялы.Шығарма өткен ғасырдың жетпісінші жылдары дүниеге келсе,телесериял осы заман лайықталған.Алайда бауырларының қамқоршысы,жаңа заманның "əпкесі" бар мұнда.
Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясының бірінші бөлімі "Алмас қылышқа" негізделген тарихи фильм."Асан қайғы ол заманда болмаған,Əбілқайырдың Шайбан аталуы қате"- осы сынды қателіктер тізімін бірқатар сайттардан көре аласыз.Дегенмен,бұл фильмнің жастардың ұлттық рухын көтеруде,тəрбиелік орнында мəні орасан зор.
Досхан Жолжақсыновтың "Құнанбай"фильмі.Бұл-"Абай жолы" романының тікелей экранизациясы емес.Құнанбай Өскенбайұлының тарихи образына негізделген!!!
Бұл тізім Мұхтар Əуезовтың "Көксерек","Қараш-Қараш оқиғасы",Б.Соқпақбаевтың "Менің атым-Қожа" негізінде түсірілген фильмдермен жалғаса береді.
Кино режиссер туындысы,ал кітап жазушынікі.Əрқайсысының фантазиясына байланысты өзгеріске ұшырайды.Дегенмен мағына сақталады.