Дәріхана? Жоқ, одан да...( байқау)

Дәріхана? Жоқ, одан да...( байқау)
жеке
блог

Қайырлы күн достар! Алдынғы блогымда айтқанымдай осы блогымды дәрілік өсімдіктерге сипаттама беруге арнадым. Дәріханалардағы химиялық дәрілерден көрі, өзіміздің ауламыздағы жасыл дәріхананы пайдалансақ өзімізге пайдалығой. Ал енді дәрілік өсімдіктердің қысқаша сипаттамаларына назар салайық.

1.Жалбыз (мята перечная) ерінгүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Қазақстанда жалбыз туысының 10 түрі өседі, солардың ішінде дәрілік мақсатқа бұрышты жалбыз деген түрі қолданылады. Жинау мерзімі: жалбыздың гүлдеп тұрған кезінде жапырағы мен гүлшоғырын ұзындығын 10-15 см. етіп кесіп алады. Қолданылатын ауру түрлері: халық медицинасында жапырағы мен сабағының тұнбасын асқазан,жүрек ауруына және т.б. қолданылады. Достар жалпы жалбыздың пайдасы өте көп, мен сіздерге қысқаша, әрі түсінікті етіп жазуды жөн көрдім.Жалбыз

2.Шайқурай – шайқурайлар тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты шөптектес өсімдік. Қазақстанда шайқурай туысының 7 түрі өседі. Биіктігі 30-100 см, сабағы тік, жұмыр сабақ ұшындағы жапырақ қолтығынан көп бұтақтар тарайды. Жинау тәртібі: шайқурайды гүлдеп тұрғанда 20-25 см-дей сабағының ұшына таман жапырағы, гүлімен бірге қырқып алады, жуан сабағын алмайды, шатырда көлеңкелі жерде баулап іліп кептіреді. Қолданылатын ауру түрлері: бауыр, асқазан, өкпе, ауыз қуысы ауруларына қолданылады.Шайқурай

3.Мыңжапырақ (тысячелстник обыкновенный) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты шөптектес өсімдік. Қазақстанда мыңжапырақ туысының 11 түрі өседі. Кәдімгі мыңжапырақтың биіктігі 20-75 см. Жинау мерзімі: Мыңжапырақты гүлдеп тұрған кезде маусым мен тамыздың бірінші жартысында жинайды. Өсімдіктің ұзындығы 20 см. етіп кесіп алады. Жерге қағаз немес кенеп төсеп кептіруге болады. Қолданылатын ауру түрлері: тік ішек жарасы, тері ауруларына, асқазан және т.б. ауруларға қолданылады.Мыңжапырақ

4.Сүйелшөп (чистотелбольшой) – көкнәрләр тұқымдасына жататын шөптектес көпжылдық өсімдік. Қазақстанда үлкен сүйелшөп деген түрі ғана өседі. Тамырсабағы өті қысқа, биіктігі 30-90 см. Жинау мерзімі: гүлдеген кезде жер үсті мүшесін гүлімен қоса ұзындығын 5-10 см, етіп кесіп алып кептіреді.Сүйелшөп

Міне достар төрт өсімдіктің қысқаша сипаттамалары осындай болды. Дәрілік өсімдіктердің пайдасы мұнымен ғана шектелмейді, олардың пайдасы өте көп. Осы жазған өсімдіктердің барлығын сіздер өз бақшаларыңыздан  көре аласыздар.