Бүгін мен қарапайым салат жасаймын. Мен бұл салаттардыды танымалдылыққа ие деп те айта алмаймын. Бірақ өте дәмді болып келеді.
Бірінші салатқа:
Баялды – 3 дана
Қызанақ - 1 дана
Қияр – 1 дана
Сарымсақ - оннан бір бөлігі.
Мойонез – 3 үлкен қасық.
Алдымен баялдыны тазалап шеңбер етіп кесеміз тұз сеуіп 1 сағатқа суға салып қоямыз.
Енді баялдыны қуырып аламыз. Ал қызанақ пен қиярды және сарымсақты өте кішкене етіп тураймыз.
Ендігі кезекте қызанақ қияр және сарымсақты мойонезбен араластырамыз. Баялдыны асты менүстіне орналастырамыз.
Осымен дайын бұл барлық адамның қолынан келеді .
Екінші салатымызға:
Шұжық - 12 дана
Жүгері – 1 қорап
Қияр - 3 дана
Қайнатылған жұмыртқа – 3 дана.
Мойонез - 1 дана қажет болады.
Ал ендеше кеттік:
1. Шұжықты (сосиска) төменде көрсетілгендей турап үлкендеу ыдысқа саламыз. Үстіне жүгеріні саламыз. Қиярмен жұмыртқаны да турап саламыз.
Сосын бұларды мойонезбен араластырамыз. Осымен дайын.
Менің бүгінгі салаттарым. Өте керемет деп айта алмаймын бірақ бұл менің алғашқы бастамаларым ғой. Бастысы бұл ата-анама ұнады. Астарыңыз дәмді болсын!