Біз бақыттымыз! (Байқау)

Біз бақыттымыз! (Байқау)
жеке
блог

Баршаңызға жалынды сəлем!
Байқау соңына тек 3-ақ апта қалыпты, кейін саба-а-ақ! Ал, біз жаңа оқу жылына шейін мақсатымызға жету үшін аянбай еңбектенетін боламыз!

Осы апта да қазақ тілі жəне қазақстан тарихы пəндерінен дайындалдым.
6-7 сыныптан конспектілер жазып, жаттап отырдым.
Екі пəннен шың кітап арқылы жəне интернет арқылы дайындалдым.

21 ғасырда барлығына оп-оңай қол жеткізуге болады, кітапхана мен түрлі дайындықтарға арналған кітапшалар бар, одан қалса түрлі желілер мен сайттардан өзіңе жаңа нəрсе ашып, барлық сабақты да қайталап шығуңа болады.
Жаңа заман балалары ретінде біз бақыттымыз!
ҰБТ жəй ғана сынақ, болашаққа бастайтын алғашқы жол! Одан қорықпай, алға ұмтылуымыз қажет. Ал, ниет пен еңбекті серік етсек бұл қамалды да бұза аламыз. Сондықтан ізденейік, оқиық, жазайық! Ал, менің дайындықты тоқтататын да, артқа қайтатын да ойым жоқ!