Бұлардың басынан тағдыр дауылы жаңада ғана соғып өткен (байқау)


       Əңгіме қазақ əдебиетінде нағыз көркем жанр ретінде Əуезов суреттеуінде өзгеше жаңа, тың сипатқа ие болған...

     Иə, мен мұны оның əңгімелері мен повестері жинақталған "Қорғансыздың күні" атты кітабын оқу арқылы айтып отырмын.

       Бұл жолы кітап та жазылған туындыларының бəрі дерлік өмір шындығын, заманының сипатын адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра шебер əңгімелеп жеткізеді.
      Шығармадағы кейіпкерлердің тағдыры бір-біріне ұқсас болғанмен, əрқайсысы өмір талқысына өзіндік ерекшелігімен əр қырынан көрінеді. Əңгімелеріндегі барлық жағымды кейіпкер - қорғансыз, жетім, көкірегі мұңға толы аяулы жандар. Жазықсыз құрбан кейіпкерлер тағдыры бұлай болып қала бермейтініне жазушы үлкен үмітпен қарайды. 
        Əуезовтың қаламынан туған қандай-да бір туынды өзіндік тіл көркемділігі мен жаңа сапасы, ой-қиял жүйріктігінің бəрі оның суреткерлік талантын паш етеді. Өмір шындығын əсерлі ойымен суреттей білген жазушының бұл шағын əңгіме, повесттері болашақ та үлкен көлемді "Абай жолы" эпопеясының бастаулары еді...



Бөлісу: