Бұл ең әдемі ойын жайында...

Бұл ең әдемі ойын жайында...
жеке
блог

  9.Волейбол- ең әдемі, топтық ойын. Бұл ойынды өзіне және командасына сенетін адамдар ғана ойнай алады. Волейбол ойнап жүргеніме 4-жылдан аса уақыт өтті. Талай белесті бағындырып, шыңдалып келеміз. Алдағы уақытта қыздармен жаттығулар жасап, чемпиондық атақты қорғап қалуға барымызды саламын

       Армысызддар! Бүгінгі күнім өте керемет өтті. Мақсаттарыма жеткен сайын бойымда мақтаныш сезім оянып, жігерлене түсудемін. Кемеңгерліктер тынбай еңбектеніп, алға қадам басып жатырмыз. 
     Көк түсті формада "Қаратөбе ауданының командасы". Аудандық команда облыстық жарыстарда жиі бой көрсетіп тұрады. Біздің жігіттер жарап тұр. Облыс көлеміндегі ірі ойындарда бақ сынап, жүлделі орындарға ие болып жүр. Әрине, біз де жігіттерден қалыспай дайындық жасаймыз. 

 

     Оқу жылы басталғаннан соң бізде көп уақыт болмайды. Командамыздағы 4 қыз  11-сыныпқа көшкелі жатырмыз. Сабаққа да, спортқа да тыңғылықты дайындық керек. Сондықтан, жазғы демалысты тиімді пайдаланып дайындықты күшейткенді жөн санаймыз.

Бәріміз үнемі ой үстінде жүреміз. Қарсыластың осал жерін тауып, сол бағытта жұмыс жасаймыз. 

        Әр жарыс алдында  бапкер бізді "Үміт ең соңында өшеді"-деп қайрап, жеңіске деген жігерімізді арттырады. Бапкердің үмітін ақтау үшін барымызды салып, чемпиондық атақты ешкімге бермей келеміз. Біздің әр жеңісіміздің негізгі күші - ынтымақ. 

     Облыстық байқаудан бастап, аудандық, ауыларалық, топ аралық жарыстардың бәріне қатысамыз. Себебі, волейбол біздің - өміріміздің бөлшегіне айналған. Кумирімізбен теке-тіресіп жарысатын күнге жеткенше дайындық тоқтамақ емес.

 

 

         Өзімізді мойындату үшін күн сайын топ аралық жарыстар ұйымдастырамыз. Кез-келген адам ойынға қатыса алады. Жастар жетекшісінің қолдауымен жеңімпазға сыйлық тағайындау арқылы олардың қызығушылықтарын оятып, салауатты өмір салтын насихаттаймыз. Сол арқылы өзімізідің тәжірибеміз шыңдалады. Оқушылар арасында ынтымақтастық орнатамыз. 

          Міне, жазғы демалыс уақытым бос өтіп жатқан жоқ. Керісінше, жаңа таныстар тауып, жаңа белестерді бағындырып келемін. Кезекті мақсатымда орындалып жатыр.

Ал сіз қандай спорт түрін ұнатасыз?