Бүгін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың ҚР Парламенті қос палатасының б

Жолдауы бойынша ауданымыздың спорт саласының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары – Е.Орманов, аудан әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі – Р.Алтынбеков қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жолдауға сәйкес биыл кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатқандығы және Президент өкілеттігінің мерзімі 7 жыл болып, бірақ қайта сайлануға тыйым салынатыны айтылды. Сонымен қатар, 2023 жылы мәжіліс пен маслихат сайлауы ұйымдастырылып, әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендейді. Ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өсіп, ұлттық қор табысының 50 пайызы 18 жасқа толмаған балалардың есепшотына аударылатын болды. Одан бөлек, қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жарияланып, отбасылық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіледі. Одан бөлек, Мемлекет басшысы елімізде жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты – саяси және әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру екендігін атап өтіп, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту бойынша біршама тапсырма жүктелгендігі жайында айтты. Ауданымыздың спорт саласының өкілдері бірауыздан Мемлекет басшысының Жолдауын қолдайтындықтарын жеткізді.
«AMANAT» партиясы
Түлкібас аудандық филиалы



Бөлісу: