1.ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына
жолдаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты жолдауын насихаттау.
2."AMANAT"партиясының Саяси тұғырнамасын талқылау.
3."AMANAT" партиясы Сарыағаш аудандық филиалының кезектен тыс 46 конференциясына делегаттар сайлау.
4.Жарты төбе БПҰ-ның Бюро құрамына ішінара өзгерістер енгізу туралы.
Жиналысты ауыл әкімі партия мүшесі А.Аширов жүргізіп, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мемлекет басшысының жолдауында айтылған 5 бағдарына жеке-жеке тоқталып ел игілігі үшін алға қойған нақты қадамдары жайында баяндады.
Кейіннен күн тәртібіндегі екінші мәселеге тоқталып, "AMANAT"партиясының Саяси тұғырнамасын түсіндіру және насихаттау үшін сөз кезегін Жарты төбе БПҰ Төрағасы Ә.Сейдакбар алып, Жаңа саяси тұғырнаманы әзірлеу және жаңғырту бойынша жұмыс биыл сәуір айында басталғанын айта келе оның алдағы күндері атқарылатын нақты бағыттары мен мақсат-міндеттерін түсіндірді.
Сөз барысында Ә.Сейдакбар - партияның басты мақсаты – Қазақстанның әрбір азаматының құқы, еркі қорғалған, адал еңбегімен, білім-білігімен көздеген асыл мұратына қол жеткізе алатын демократиялық, әділетті әрі бақуатты мемлекет құру екенін нақтылады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша "AMANAT"партиясы Сарыағаш аудандық филиалының кезектен тыс 46 конференциясына жалпы 15 делегат сайланды. Делегаттар құрамына БПҰ Төрағасы мен маслихат депутаттары және партия белсенділері бірауыздан сайланды.
Жиын соңында күн тәртібіндегі төртінші мәселе қаралып, Жарты төбе БПҰ-ның Бюро құрамына өзгерістер енгізілді.
Жарты төбе БПҰ-ның Бюро құрамына Жарты төбе БПҰ төрағасы Сейдыакбар Әуелбек Сейдалықожаұлы, ауыл әкімі - Аширов Абай Зайдинұлы, аудандық маслихат депутаты - Жумабеков Торехан Орынбекұлы, №8 С.Айни атындағы жалпы орта мектебінің ұлағатты ұстазы - Каримов Зуфар Бахтиярұлы және№9 С.Майлықожа атындағы жалпы орта мектебінің ұлағатты ұстазы - Омарова Закира Тажибекқызы бірауыздан қарсылықсыз сайланды.
Жиын соңында аудандық маслихат депутаты Т.Жумабеков сөз алып жиынға қатысушыларды Президент пен партияның мақсат мүддесі бір екенін алға тартып елдің дамуына үлес қосуға шақырды.