Бірге жасап үйренейік (байқау)

 Сәлем массагеттік достар!

Мен бүгін сіздерге пластикалық бөтелкеден әртүрлі сәнді бұйымдар жасауды көрсетемін. Нақтырақ айтсам қолға арналған білезік пен сәнді сырға жасаймыз. 

Бізге керек заттар : 

Пластикалық бөтелке 

Маркер 

Қайшы 

Картон қағаз 

Желім 

Жіп 

Ең алдымен бөтелкемізді қайшымен екі бөлікке бөліп аламыз да қиылған бір бөлігін алып арнайы дайындап алған кескініміздің, яғни құсымыздың үстінен маркермен бастырып сызып шығамыз, суреттегідей етіп. Сызылған екі құсымызды түзу сызық арқылы маркермен қосамыз. 

Келесі сызылған сызық бойынша қайшымен қиып шығамыз. Қиып алған соң оны маркермен бояп шығамыз. Сонымен білезігіміз дайын! 

Енді пластикалық бөтелкеден  сырға жасаймыз. Ол үшін суреттегідей етіп төрт сопақша пішінді пластика қиып аламыз және инемен кішкентай тесік жасаймыз. 

Картон қағаздан төрт кескінімізді, яғни құсымызды қиып аламыз.

Суреттегідей жіпті өлшеп қиямыз және екі құсымызды бір біріне жабыстырамыз, ортасына жіпті жабыстырамыз.

Соңғы қадамымыз қолданыстан шыққан сырғамыздың темір ілгіштерін алып, соған  жасаған екі сопақша пішінді пластиканы екі жағына, ал құсымызды ортасына ілеміз. Міне, сырғамыз да дайын!

Сіз де жасап көріңіз.

Пы сы : Негізі бұл блогым кеше шығуы керек болатын, бірақ суреттерім жүктелмей қойды. Енді ғана жүктелді. Сол себепті уақытында сала алмай бүгін салып отырмын. Шарттарды бұзғаным үшін кешірім сұраймын. 

Рақмет! 



Бөлісу: