Өлең деген - құдірет қой. Оны шығаратын адам қандай күшті адам. Бірақ, маған өлең оқу қол емес екен. Шабыт келгенде өлең шығаратыным болмаса өз өлеңімді жаттап, оқып көрмеппін.
Ой, несін айтайын, өлең оқу үшін үлкеен күш керек, үлкен сезім керек. Ақынның жанын түсіну үшін не істеуге болады екен? Соңғы кезде өлең оқуға құштарлығым оянып келе жатқандай...
Бір өлең оқу үшін үлкен қобалжуды бастан өткердім. Алдымен өлең таңдау мәселесі. Кімнің өлеңін оқимын, қандай бағытта оқимын деп басым қатты. Кемеңгерлік Айдана мен жетекшіміз Әсел апайдың әбдеен мазаларын алып біттім.
Сонымен, қыздардың таңдауы жас әрі жалынды ақындарға түсіп жатқандықтан, мен де Марғұлан ағаның өлеңдерінен көрейін дедім. Вконтактедігі "Марғұлан Ақанның туындылары" атты топтағы жазбаларды ақтарып жатырмын. Көбіне Алматы қаласына деген махаббат сезімін арқау еткен өлеңдерінің соңына жете алмадым. Ақыры, "Бақыт" деп аталатын осы өлеңге тоқталдым.
Құрметті, Массагеттіктер! Үлкенді-кішілі кемшіліктерге кешіріммен қарауларыңызды сұраймын!