Бір күннің құр өткеніне өкінетін жағдайға жеткенде ғана өмірдің қадірін сезіне бастадым де! (байқау)

Осы менің мақсатым қалай орындалып жатыр...? Мақсатты қойып алдым-ау... Бірақ ширақ қозғалып жатқан жоқпын... Уақытым бекерге зая кету де...

Мен сабақ бітісімен-ақ ҰБТ-ға дайындаламын деп мақсат қойғанмын. Қолыма Берік Жұбанышев пен Жаңабек Жақсығалиевтің қазақстан тарихына арналған кітапшасын алдым, оқып жүргеніме бір айдан асты. Тест кітапшаларымен де жұмыс жасаймын. Нәтиже — жақсы.Сонау ықылым заманнан бүгінгі күнге дейінгі оқиғаларды есте сақтау бірде қиын болса, бірде оңай. Оқу керек, озу керек, білу керек...

"Жоспарың жүзеге аспаса, жоспарыңды өзгерт", — дейді. Тек алға қойған мақсатыңды ешуақытта өзгертуші болма.

2-сыныптан бастап аудандық, облыстық, республикалық басылым беттеріне мақала жіберуді қолға алғам. Қазір, облыстық "Самал" газетінің, республикалық "Ұлан", "Ақ желкен" басылымдарының тілшісімін. "Айгөлек", "Мөлдір бұлақ" журналына да шыққан. Жалпы, қолым қалт етсе экранға үңіліп, мақала жазып жіберемін.

Дүйсенбі күні алма қосылған пирог пісіргем. Өкінішке орай әріптесім Зелимхан секілді суретке де түспеппін, түсірмеппін. Дегенмен,үйдегілердің көңілінен шықты.

P.S: Менің осы жұмада компьютерге үңілуме мүмкіндік болмады. Бүгінгі мақсатымды жазу да ойым шашыраңқы. Дегенмен, келесі жұмадан бастап, мықтап қолға аламын. Мұзбалақтарды жерге қаратпаймын.  



Бөлісу: