«Болашақты қалыптастыру –өз қолымызда!»

«Болашақты қалыптастыру –өз қолымызда!»

           Алдыңғы қатарлы өзге елдердің қатарынан табылу үшін ең алдымен жастарды салауатты өмір салты қалыптасқан ,рухы биік,жан дүниесі таза,адамгершілігі мол,білімді  жастар болып тәрбиеленуіміз қажет.

       Иә, ұрпақ тәрбиесі барлық уақытта әр қоғамның өзекті мәселесі болып отыр.

Тәуелсіз елдің жалындаған жастары!

Мен, сіздерге есірткі жайлы айтып берейін...

Қазіргі  заманда есірткінің салдарынан көп деген адамзат зардап шегуде.

Достар , есірткі-тұңғиық түбі.Адамды еліктіретін аждаһаның бір басы.Адам ағзасына өте  тез уландыратын аса қауіпті дерт.Оны әсіресе,жас ағза тез қабылдайды.Ол адамның есін алып,құмарлық желігіне  ұшыратады.Содан нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге  түседі.Есірткі заты- бұл өте айрықша әрі қатерлі екенін жасөспірімдерге тағы да айтқым келеді....

Достым,есірткіні қолданбас бұрын  жақсылап ойлан.Есірткі-сен  өмір сүріп жүрген, тамаша әлемге кесірін тигізетін үлкен дерт.Мыңдаған тіпті,миллиондаған адамдар қазір де есірткінің зардабын  көруде.Бұл дертке шалдықсаң, тәуелді болып қаласың.

Қазіргі кезде «есірткіге қарсы»түрлі шаралар өтуде.Бұл шаралардың басты мақсаты-ел ертеңі жастардың жаман әдеттерге әуес болмай,салауатты өмір салтын  ұстануға үйрету.Достым,кел біздің қатарға қосыл......

Құрметті, жас достар! Денсаулық баға жетпейтін жалғыз ғана асыл  дүние екендігін естен шығармайық.Денсаулық жақсы болу үшін  уақытты,немесе күш-жігерді, не еңбекті,тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Денсаулықсыз өмір-қызықсыз әлем.Дегенмен,әр азамат пен азаматшаның денінің сау болуы өзіне байланысты.Олай болса денсаулыққа, қоршаған ортаға зиян келтіретін  нәрселерден аулақ болудың жолы - адам баласының өзін-өзі тәрбиелей білуі,өз денсаулығын, қоршаған ортасын   қорғай білуі, бастысы - адамдық қасиетін  жоғалтпауы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай : «Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар -жас ұрпақ.Жас ұрпақтың дені сау болса ғана  шыңдарға қолы жетері ,халқына қызмет етері даусыз»

Жас достар ! Есіркі – жаныңды жейді.

Сен оған жолама!Мына керемет әлеміңде , тазалықпен өмір сүр!

 №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицей мұғалімі Н.Көпенова
#ҚЗОПДЕҚҚІҚбайқауына 



Бөлісу: