Болашаққа бастар жол! (Байқау)
блог
Мақсат дегеніміз алдымызға қойған, болашақ армандарымыздың жүзеге асуы барысындағы қадам. Əр адам өзіне мақсат қойып, көп еңбектенудің нəтижесіңде мақсаттарына жетіп жатады. Мақсатқа тек шыдамды, ізденпаз, айқын мақсат қоя білген адам жете алады деп ойлаймын.
Осы байқауда қойған мақсаттарымды сіздермен бөлісейін:
1) Алдағы ҰБТ'ға жақсылап дайындалу. 2 жылым қалса да, ҰБТ үлгісі өзгерсе де дайындалу зиян емес.
Жақсы балл жинап, ата-ана үмітін ақтау үшін жəне өзіме сенімді болу үшін мақсаттарымның қатарына қостым.
Мақсатқа қол жеткізу үшін - əр аптаны əр пəнге арнаймын. Əдебиеттен ақындар өмірін жаттап, шығармалар оқимын. Жанрларды үйреніп, тесттермен жұмыс жасаймын.
Қазақстан тарихынан - 5, 6 ,7 сыныптағы тарих кітаптарын оқимын.
Қазақ тілінен жəне орыс тілінен ережелер жаттап, жаттығулар жасаймын.
Математикадан You tube арқылы есептер шығарамын, алдыңғы сыныптарды қайталаймын.
2) Ағылшын тілін үйрену.
Қазіргі заманда ағылшын тілінің қажеттілігі өте жоғары əрі журналист үшін тіл білудің зияны жоқ. Жоғары деңгейге жетпесемде, біршама нəрсе үйренгім келеді.
Ол үшін ережелер жаттап, жаттығулар жасаймын. Күніне 3 сөзден жаттаймын жəне ағылшынша фильмдерді субтитрмен қараймын.
Міне, менің осы жазға қойған мақсаттарым! Еріншектікті қойып, расымен өз мақсатыма жеткім келеді.
Ал, барлық қатысшуларға сəттілік!