Болашақ үшін мақсатыма бір қадам

Болашақ үшін мақсатыма  бір қадам
жеке
блог

Қайырлы күн, Массагеттік оқырмандарым! Міне, бірнеше айға жалғасқан "Мақсатыңа Массагетпен жет" байқауы мәресінеде жетуде. Осы уақыт ішінде сіздердің маған айтқан қателіктеріңізді бүгінде әрі болашақта қайталамаймын деген сенімдемін. Ең алдымен тәрбиеге бір көз жүргізіп өтсек.

Бар болғаны бірнеше ай ішінде Әсел Асанова атты апайымыздың айтқан сындары мен сындарлы сөздерін мәңгілік есте сақтаймыз деп ойлаймын.  Болашақта Әсел апайымыздың Білім министрлігінде отырады деген сөздерге шүбәмдә, күмәнімде жоқ. Кемеңгерлер- сіздің қамқорлығыңыз бен мейірімділігіңізге, біліміңіз бен жарқын болашағыңызға тәнті! Жалпы, Массагеттің блогерлері болсын, редакторлары болсын өз істерінің шеберлері. Оған куәлерде, куәгерлерде жетерлік.

Ал енді менімен бір топта болған Кемеңгерлерім жайлы айтайын. Осы өткен бірнеше ай  ғана ішінде осынша жақын болып кететін алыстағы құрбыларым болады деп үміттенбеппінде. Бірақ, бұл болды. Біз мәңгілік дос болатынымызға қуанамын. 

Біздің топтың ең мейірімді, жүрегі жылысы   Айнұр Мейірбек. Әрқашан әзілдесіп, күлкіні сүйетін Ақжарқын Нұрлан. Ақылшымыз, үлкеніміз, тік мінездіміз Томирис Ескали. Адал дос, көмек білдіре білетін Ақмарал Канал. Іші ғажайыпқа толы жұбаныш бола алатын жан Ақниет Жаманқұл. Ақылды әрі пысық Кемеңгеріміз Әсем Жолдасова. Өнерлі және адал дос Гүлсезім Әйтімова. Басқа топтар жайлы айтсам сіздерде өнерлі жансыздар. Өз мақсаттарыңызға жетуде тайсалмадыңыздар. Айтпақшы, Есіл ауданына келсеңіздер міндетті түрде хабарласыңыздар. Ендігі кезекті мақсатыма берсем. Мақсат орындалу үшін табандылық қажет. Мен Массагетпен бірге жүре өзімнің ең негізгі мақсатымның бірі жауапкершілік деген қасиетті үйрендім десемде болады. Толық 100 пайызды 20  пайыздан бөлейін

  •              Жеңіл көлікте жүруді үйрену, жол ережелерін сақтап білу-негізгі мақсатымың бірі болған. Орындадым, тек  құжатты 18 жаста ғана береді екен. Бірақ,  16 жаста көлік жүргізу үшін сертификат аласың деген уәде берілді. Бірнеше айдан кейін мақсатымның үлкен бөлігі орындалады. Сол себептен бұл мақсатыма -18% 
  •           Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жаңа туындылар дайындау (жинақ шығару)-туындыларды сіздер көрдіңіздер. Алайда менің сіздерге жақсы жаңалығым бар. Үлкен жинақ болмасада кішкентай ған кітапша (брошюра) шықты. Бұл үшін -19%
  •            Туған өлкені таныту- сіздер Есіл жайлы  осымен қанық болған боларсыздар?!  (балабақша, қалада өтіп жатқан іс-шаралар)дегендей. Бұл үшін - 20%
  •          Жаңа ас мәзірлерін дайындау- ия, біраз ас мәзірін салмадым, бірақ әдемі мәзірлермен арнайы тапсырманы алғанда мақсатым- 20% орындалды
  •         Сән әлемінде, сұлулық тақырыбында кеңестер жазу- бұл туралы айтпасамда болатын шығар?! Бірақ, бұл жолы сән әлемін жетік меңгердім бұған -  20%

Жалпы жинаған балл -97%. Мен мақсатымның әлі көп екенін білемін оған бір қадам болсын тайсалмаймын және орындалған мақсаттарымды жетілдіремін. Массагетпен бірге мақсатыма жеттім!