Бет күтіміне арналған маска ( байқау)

Сәлеметсіздер ме? Менің мақсаттарымның бет әрлеуді үйрену болатын. Және макияждың жасалуына беттің құрғақ немесе майлы болуы да маңызды.

1. Майлы беттің жақсы жағы- күннің суығында жарыла бермейді, яғни, бет терісі қабыршықтанып майда жараға айналмайды. Бұл жақсы жағы болса, жаман жағы да баршылық. Мысалы: мұрынның айналасы, көздің асты жылтырап май шығып тұрады. Және майлы бет иелері бетті сабынмен жууға мәжбүр болады. Ал сабынның құрамында бетке кері әсерін тигізетін қоспалар болады. 

2. Құрғақ беттің жақсы жағы бар деп айта алмаймын. Бұл бет терісі қалыпты климатқа тәуелді. Яғни, күн қатты ыстық болса тершең, суық болса жарыла беретін болады.

Мен осы жағдайларды алдын- алуға көмектесетін, үй жағдайында жасалатын маска түрлерін айтпақпын. 

Бет майлы болған жағдайда:

 Орамжапырақты майдалап турап, жұмыртқаның сарысы екеуін араластырамыз. Дайын болған қоспаны бетімізге 20-25 минутқа жағамыз. Артынан салқын сумен жуамыз.Аптасына 3 рет осы әрекетті қайталаймыз. Егер шамадан асып кетсе, бет терісі мүлдем құрғап кетеді. Осы айтылған бойынша істесеңіз бетіңіз қалыпты дәрежеде болады.

Егер бетіңіз құрғақ болса оған көп заттың қажеті жоқ,тек айран ғана қажет. Айранды ыдысқа құйып жылы жерге бетін жауып 1 күн қою керек. Бұл кезде айран қоюланады, бұл оның бетке оңай жағылуына ыңғайлы. Дайын айранымызды бетімізге жағып, 15 минуттан кейін жылы сумен жуамыз. Ескеретін жағдай: айранды тұмшалап ораудың қажеті жоқ. Қақпағы бар, пласмасса ыдықа құйып, күн тусетін терезенің алдына қойсаңыз болады. Және де таңертең ерте қойып, кешке бетіңізге жақсаңыз болады. Осылай ыңғайлырақ. Кеңестерім пайдаларыңызға жарар деген үміттемін.



Бөлісу: