"Берік отбасы -есірткіден алыс"! Ақпарат дереккөзі: https://mass

             

     «Қызылорда ОІІД  ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған сайысына»

                   

   Берік отбасы -есірткіден алыс!

  Отбасы -шағын мемлекет. Бұл мемлекетте ата -ананың рөлі зор. Егер ата-ана балаға немқұрайлы қараса немесе  баланың бақылауы төмен болса - жасөспірімнің зиянды заттарға, яғни есірткі, темекілерге бой бұруы мүмкін. Есірткі! Бұл ұғым бəрімізге зияндылығымен таныс. Қаншама адамның  жас ғұмырын  солдырып, бақыттарын баянсыз етті. Және  бұл əлі күнге дейін тыйылар емес. Балалықтың буыменен пайдаланып көріп, кейін оның зардабын өмірінің ақырына дейін тартарын балғын бала қайдан білсін. Улы затты  бір рет қолданып көріп, кейін балғын жастың ағзасы сол улы затты қажет етіп отыратынын білер ме екен?. Осы қателіктің салдарынан есірткіге тəуелді бола бастайды. Қазіргі таңда ғасыр дертіне айналған  бұл індетпен күрес  қарқынды дамуда. Оның дәлелі мектепте сынып жетекшілері мен психолог жұмыс жасаса, ауылда тәртіп сақшылары мектеппен тығыз байланыста. Бәрінен бұрын  «Бір әкенің тәрбиесін  жүз мектеп те бере алмайды» деген көнеден келе жатқан  керемет сөз бар.                                                     

Балаға байқап сөйлесең,                                                                                                        Ақылға көнер                                                                                                                Байқамай сөйлесең                                                                                                         Көрсетер бір өнер

 деген.  Ол үшін отбасындағы  әке мен ұлдың, шеше мен қыздың арасында көзге көріне бермейтін көркем байланыс болуы керек. Бабаларымыздың айтқанындай «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан соң досыңдай сырлас» деген сөз бекер айтылмаса керек-ті.  Яғни естияр ұлмен ересектерше сөйлесіп, ақылдасып отыру баланың да естияр жанша ойланып, парасатты  қадам жасауына септігін тигізер еді.  Ал бұл келеңсіздіктің барлығы  баланы назардан тыс қалдырудан туындайтыны анық. Сондықтан бала тағдырына алаңдайтын әрбір ата-ана бала тәрбиесінде қырағы болуы керек деп ойлаймын. Ал жас жеткіншектерге айтарым: «Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама, жас дос»!  Салауатты өмір салтын ұстанып, саналы  ғұмыр кешейік!      

                                                     

#ҚЗОПДЕҚҚІҚББАЙҚАУЫНА 

Қызылорда обл

Қазалы ауданы

Жанқожа батыр ауылы

Мысаевтар отбасы

 



Бөлісу: