"Берік отбасы -есірткіден алыс!

"Берік отбасы -есірткіден алыс!
жеке
блог

« Қызылорда ОПД ЕҚҚIҚБ тарапынан жарияланған сайысына»

«Берік отбасы есірткіден алыс»!

Біз өмірімізде түрлі қиындыққа тап болсақ та, жанашыр адамдарымыздың арқасында ерекше қолдауға ие боламыз. Ол жанашыр адамдарымыз: достарымыз, бауырларымыз, балдарымыз, ата-анамыз, жақындарымыз болуы мүмкін. Бірақ әр адам үшін өз отбасы ерекше, әрі басқалардан биік тұрады. Отбасы дегеніміз не? Бұл сараққа әркім әр түрлі жауап беруі мүмкін. Мысалы кейбіреулері үшін отбасы тек қаражат беріп тұратын банк сияқты болса, кейбіреулері үшін отбасы-жанашыр жандар қауымдастығы. Ал мен үшін өз отбасым-бақыт мекенім. Менің отбасым сырт көзге қарапайым көрінгенмен, мен үшін жарқын жандардан тұратын жұмақ төріндей. Отбасы- кішкене бір мемлекет. Яғни әр отбасында бірлік, береке, ынтымақ болады деп ойлаймын. Сонымен қатар отбасында ата-ананың рөлі ерекше. Біз көпбалалы отбасымыз. Өзім күміс алқа иегерімін , яғни батыр анамын. Біз кішкентай ғана өзімізге ұядай ыстық, бір шаңырақ астында тұрамыз. Отбасымызда әкеміз- асқар тауымыз және тұңғышым Бексұлтан, екіншім Нұрбақыт және егіз ұлдарымыз Мадияр бен Данияр және Айару , Нұрсұлтан атты балдарымыз бар. Біз балдарымызға үнемі акылдарымызды, отбасының құндылықтарын, тәлім-тәрбиесін беріп отырамыз. Ата- бабаларымыз "Тәрбие тал бесіктен басталады " - дегендей балдардың, тәрбиесіне сабағына көп көңіл бөлу керек. Сол кезде ғана зиянды заттардан аулақ болады деп ойлаймын. Біз отбасымызбен темекімен, есірткі атауына қарсымыз. Есірткі- адамды тура жолдан адастырып, жамандыққа итермелейтін қазіргі заманның қауіпті заттарының бірі. Көптеген жастарымыз дәмін татып көріп, қалай жаман жолға түскендерін байқамай қалады. Біз – ата-аналар, балаларымыздың болашағына алаңдаймыз. Қай ата-ана өз баласын жаман болсын дейді. Бүгінгі бала – ертең ата-анасын алақанына салып аялайтын, өмірдің мәнін, отбасының қадірін түсінетін жақсы адам болып өссе екен деген үмітпен тәрбиелеп отырған жайымыз бар. Өмірде жақсылық көп болатынына сенемін, ал есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екенін балдарымызға дәлелдеуіміз керек.

#ҚЗОПДЕҚҚІҚББАЙҚАУЫНА

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Жанқожа батыр ауылы

Райсовтар отбасы