"Берік отбасы -есірткіден алыс!

"Берік отбасы -есірткіден алыс!
жеке
блог

 « Қызылорда ОПД ЕҚҚIҚБ тарапынан жарияланған сайысына»            

    «Берік отбасы-есірткіден алыс»!

Отбасы –деген  сөз   туыстық қатынастардан тұрады.Отбасы ,жанұя деген сөз  қазақ қаны үшін ең қымбат.Берік отбасы-сыйластық орнаған  кішкентай  Отан.  Бала  тәрбиесінде  отбасының және отағасының   маңызы  зор. Отбасының  бақыты үшін  көп нәрсенің  қажеті  жоқ,тек  мейірімділік пен сүйіспеншілік болса болды.Кез- келген  отбасы бір  жерде жиналып.бас  қосқанда, әр  түрлі мәселелерді шешкенде  және  қиналған кезде  бір-біріне  қол үшін береді.  Мен  отбасымды зиянды  әрекеттерден аулақ ұстауға  тырысамын. Жаңалықтардан  зиянды  әрекеттерді көрсеткен кезде   балаларыма көрсетпеуге тырысамын. Қәзіргі  таңда  жас болсын,ересек  болсын  есірткі  жайлы көп  айтылуда.Есірткемен  күрес жайында   мектепте  әр түрлі  іс-шаралар өтуде.Себебі  балалар   зиянды әрекеттерден  аулақ болу үшін  ұйымдастырылады. « Денсаулық-зор байлық» деп  халқым   бекер  айтпаған.Әр  бір  адам  денсаулығын  күтуге міндетті.  Десаулықты сақтау  үшін  спортпен  айналысу керек ,дұрыс   тамақтану  қажет. Спортпен айналысқан адамның   қан  айналымы  жақсарып , өмір  жасы ұзақ  болады.Таң   атқаннан  кеш  батқанға  дейін   қимыл  қозғалыста  боламыз.  Уақытымыздың қалай  өткенін байқамай қаламыз. Аллаға шүкір  Ерішовтар отбасында яғни біз  үш ұл  және  бір қыз тәрбиелеп отырмыз.Отбасымыздың  тірегі –Отағасы.  Сол кісі балаларды  кішкентай кезінен  бастап  зиянды   әрекеттерден аулақ болуды үйретуде.Өзі де зиянды заттардан аулақ. Өзім анасы  болғандықтан балалардардың сабағына ,тәрбиесіне көп көңіл бөлемін.Әр бір ата –анаға балдарының шаттық күлкісін есту, олардың алғашқы ана деген сөзін есіту,балдардың  қуанышын көру бақыт емеспа. Балдар ауырмасын деп тілеймін. 

Отбасы тату бір ел тұнып тұрған,
Қамқор ата - аналар билік құрған.
Анаң мейір - шапағат нұр төгуші,
Əкең қамқор қолдаушың, алып тұлғаң  дей келе «Берік отбасы-есірткіден  алыс» болады деген ойдамын. Себебі менің отбасым  үнемі  жақсы  жағынан  көрінуге  көрінуге  тырысады. Тәуелсіз еліміз бен балаларымыздың жарқын болашағы үшін бүгіннен бастап оларды түзу жолға салып, нағыз азамат етіп тәрбиелейік.

#ҚЗОПДЕҚҚІҚББАЙҚАУЫНА 

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Жанқожа батыр ауылы

Еришовтар отбасы