Берік отбасы – есірткіден алыс!

     

     "Қызылорда ОПД ЕҚҚIҚБ тарапынан жарияланған сайысына"

 

                                   Берік отбасы - есірткіден алыс!

Отбасым – ыстық ұя, мекенім. Отбасымның беріктігі, бірлігі, сүйіспеншілік пен  ынтымақта болуы әрбір ата-ана үшін үлкен бақыт. Отбасының екі тірегі әке мен ана балаларын мәпелеп, осы қасиеттерге үйретуі қажет. "Әке асқар тау, ана мөлдір бұлақ, бала жағасындағы құрақ" деген сөз бекер айтылмаған. Бала дүние есігін ашқанда сенім мен сыйластықты түсіндіретін, тәрбие, білім, өнеге беретін ең бірінші ұстаздар - ата - ана. Егер ата - ана мен бала арасында ауызбіршілік, мейірім болса, бұл отбасы үшін қиындықтар болмайды. Шаңырағыңның шаттығын көрінген көк аттының көзінің сұғы мен теріс пиғылы да бұзуы ғажап емес. Баланы көзден сәл де болса да таса ету, асау атты жүгенін сыпырып бос қоя берумен пара-пар болар еді. Жанұяның әрбір мүшесін көзіңнің ағы мен қарасындай бағалап, көңіл бөліп, сырт көздің сұғынан қадағалау ата- ана ретіндегі борышым деп білемін. Олай етпеген жағдайда ұрыншақ  баланың қай жарға барып соқтығары беймәлім.               Заман өзгеруде. Заманмен бірге адамдар да өзгерді. Ол өзгерістің себебі нашақорлық және есірткі. Есірткіні балаң көңілмен, қызығушылықпен пайдаланып, кейін опық жеп қалуы әбден мүмкін. Бұл  заттар адамды өзіне тәуелді қылады. Тәуелділердің арасында ата - ана және ересек балалар да бар. Бұл тәуелділік көптеген отбасылардың шаттығы мен қуанышынан айырды. Қазіргі уақытта отбасының бұзылуы - мемлекеттің басты мәселелерінің бірі. Олай болса  Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» қанатты сөзін қаперге ала отырып, ұлт болашағын отбасыдан бастаған жөн-ау. Жанұядағы әрбір бала отбасындағы осындай олқылықтың салдарынан  орыны толмас өкінішке апаратынын ата- аналар мына біздер сезіне білуіміз керек деп білемін. Бүгінгі ұл ертеңгі- әке, бүгінгі қыз ертеңгі- ана. Сондықтан есіркіге және нашақорлыққа қарсы күресуіміз қажет. Ол үшін жанұяның бірлігі мен ынтымағы, тәлімі мен тәрбиесі мықты болуы шарт. Берік отбасы - мемлекет байлығы. Себебі отбасы - әр адамның баға жетпес байлығы.  Берекелі отбасылар көп болсын!

 

 

 #ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына

   Қазалы ауданы

   №94 орта мектеп

 Нұрлановтар отбасы

 



Бөлісу: