"Берік отбасы -есірткіден алыс!"

-"Қызылорда ОПД ЕҚҚIҚБ тарапынан жарияланған сайысына"

Отбасы деген -ол кішкене бір мемлекет.Менің ойымша әрбір отбасында бірлік,береке, ынтымақ болады деп ойлаймын.Өйткені отбасы үшін осылардың барлығы маңызды.АЛ кейде осы ынтымақ берекені бұзатын жайттар болады.Мысалы:ащы сусын,шылым шегу,есірткі пайдалану және т.б.Негізінде осы жайттарды өтпелі кезеңде жүрген жасөсперімдер қызығушылық танытып жасайды.Ол дұрыс емес. Бұларды болдырмау үшін ата-ана үлкен үлес қосуы тиіс.Яғни отбасында ата-ананың рөлі өте зор.Біздің отбасымызда біз есірткі мен темекі атауына қарсымыз.Атам яғни отбасымыздың үлкені бізге үнемі ақылын айтып отырады.Отбасымызда атам тәртіп орнатып,отбасы құндылықтарын жаңғыртып,дұрыс тәлім-тәрбие беріп отырады.Бала дұрыс тәрбиеленген жағдайда адам болып  қалыптаса біледі.Қазақта айтпайма "Тәрбие тал бесіктен деп".Сондықтан баланы кішкентайынан дұрыс тәрбиелеген  өте дұрыс.Сол кезде зиянды әрекеттерге  ұшырамайды деп ойлаймын.Ата анаға яғни бізге баласының дені сау болғаны,олардың көңілінде қаяу болмағаны ата ана үшін қуаныш емеспе? Біз өмірде мәнді де сәнді жүруімізге септігін тигізетін ол біздің денсаулығымыз.АЛ денсаулығымыз  мықты,деніміз сау болу үшін  адам баласы спортпен айналысып,құнарлы тағамдар жеп,зиянды заттарға жоламай салауатты өмір салтын ұстау керек.Жоғарда жазғандай "Тәрбие тал бесіктен басталады "дегендей отбасында  ұрыс жанжал болмаса ішімдік пен шылым шегу т.б зиянды заттар өсіп келе жатқан баланың санасына жаман ой туғызады. Бала қызығушылық танытып дағдыланып кетсе қиын.Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез- құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есірткіні қабылдаған жас организм одан оңай құтыла алмайды.Сондықтан да балаларымыздың болашағы біздің қолымызда. Бүгінгі тақырыптың  өзі айтып тұрғандай  "Берік отбасы -есірткіден алыс!"деп отбасымыз берік болса біздің балдарымыз есірткіден алыс болады.Ecірткі грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nаrke» сөзі, ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді екен.Бұл ұғым бәрімізге таныс әрине,недеген құлаққа жағымсыз естілетін сөз десеңізші! Сондықтан да әр ата ана баласының болашағы үшін алаңдауы керек.Болашақ жастардың қолында.Қорытындылай келе мына өлең шумағымен сөзімді аяқтаймын.

Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар                                                                                                    Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар

 #ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына

   Қазалы ауданы

   №94 орта мектеп

   8 сынып оқушысы

   Қоспан Сая Талғатқызы

   Қоспановтар отбасы



Бөлісу: