Берік отбасы – есірткіден алыс!

Берік отбасы – есірткіден алыс!
жеке
блог

Отбасы – мағынасы терең, мәні зор ұғымдардың бірі. Берік отбасын құру үшін, оның негізін қалау үшін адамға үлкен төзімділік пен шыдамдылық керек. Ал ондай отбасы болу үшін өмірде кездесетін түрлі зиянды заттардан аулақ болуымыз керек. Ол зиянды заттарға арақ, есірткі, темекі, т.б. адам өміріне қауіп төндіретін зиянды заттарды айта аламыз. Бұлардың адам өміріне қаншалықты кері әсері бар екендігін білсе де адам баласы тастай алмай келе жатыр. Үлгілі отбасы болып, жақсы ұрпақ тәрбиелеп шығару, олардың болашағының жарқын болуы осындай зиянды заттардан аулақ болуымен тікелей байланысты. Қазір қаншама отбасылар қирап жатыр, қанша отбасы қиыншылыққа тап болуда, қаншама әке отбасында көзі жәутеңдеген балапандарын тағдыр тәлкегіне салып тастап кетіп жатыр? Ойлануға тұрарлық нәрсе емес пе?

Біз – Умирбаевтар отбасы. Үйіміздің тірегі, баспанамыздың басшысы –Медет және отанасы Фарида болып 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп жатырмыз. Сүп-сүйкімді балапандарымыз ақылды, ортасында оқ бойы озып шығатын6 қатарының алды болып өсуде. Балаларымыздың сабақтарын, тәлім-тәрбиесін біз өте қатты қадағалаймыз. Олардың болашақта жақсы тұлға, жақсы маман болып өсулері үшін барлық жағдайды жасаймыз. Балаларымыздың жоғарыда аталған зиянды заттардан аулақ болуы үшін оларды үнемі ескертіп, саналарына құйып отырамыз. Мысалыға жалғыз есірткінің өзін айтайықшы. Атының өзі қандай жаман. Қаншама адамды өзіне тәуелді етіп қойды? Адам егер есірткі болмаса, соны алу үшін түрлі қылмысқа да барып жатқандығын  естіп жатамыз. Тіпті жақындарына қастандық жасағандар туралы айтудың өзі қорқынышты. Ғалымдардың айтуынша адам есірткіні пайдаланғанда алғашында тәуелді болмайды екен, уақыт өте келе депрессияға түсіп, көңіл-күйінің нашарлаған кезінде іздей бастайды және қолданған кезде рахат сезімге бөленеді екен. Осылайша адам қалыпты түрде есірткіні қолданбаса тұра алмайтын жағдайға жетеді екен. Кейін уақыт өте келе жүйке жүйесінің жұмыс жасауын тоқтатпас үшін сол есірткіні қолдану керек жағдайға тап болады. Тәуелділіктен соң есіркіні ұзақ уақыт қолданбау ағзаның кей бөліктерінің жұмыс жасауын тоқтатып, белгілі бір залалдарға ұшыратуы мүмкін. Яғни есірткіге тәуелді болып қалған адамды одан қайтару мүлдем қиын. Ең алғаш есірткіні Гиппократ ойлап тапқан екен. Ағылшын тілінен аударғанда осы есірткі яғни «наркотик» сөзі – ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді екен. Жалпы есірткі дегеніміздің өзі сол жансыздандыруға әкелетін зиянды бір зат. Есірті – адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзады екен. Адамды есінен алжастырып, оны бейшара  халге түсуге дейін апарады. Есірткінің мынандай да түрлері бар: апиын, кокайн, көкнар, марихуанна, т.б. Адам бұларды қолданғанда ең алдымен мінезінде өзгерістер орына ала бастайтындығын психолог мамандар дәлелдеген. Тіпті өтірік айтып, балағаттап, төбелеске барып жатуы да мүмкін. Барлығы не үшін? Сол аты жаман есірткі үшін. Қазіргі таңда есірткінің ең көп тараған түрі – ол героин екен. Оны адамдар басында ләззат сезімге бөлену үшін қолданса, уақыт өте келе ағзасы тез уланып, тәуелділікке ұшырайды. Қолданбаса үйқысы бұзылып, буын-буыны сырқырап, ауырмау үшін қолдануға мәжбүр болады. Солайша жалғаса берсе денсаулығын құртып тынары айтпаса да түсінікті деп ойлаймын.

Балаларымызға өмірдің адамға берілген ең үлкен сый екендігін, ең қымбат дүние екендігін үнемі айтамыз. Адамның отбасының ортасында мәнді де сәнді әрі ұзақ өмір сүруінің кепілі әрине ол – денсаулығымен байланысты. Денсаулық – қадірін білуіміз керек, адам баласы үшін құнды жәдігер іспетті. Қазіргі таңда адам баласы жоғалтып алмауы керек ең асыл қазынасы. Адам денсаулығына жақсылып қарауы керек, қадірін біле білуі керек, олай етпеген жағдайды арты үлкен өкінішке апарып ұрындырары айқын. Спортпен айналысып, пайдалы тағам түрлерін пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстанатын адамның денсаулығынан кінәрат табылмасы анық. Кей адамдар денсаулықтың қадірін кеш түсініп жатады. Денсаулығымыздың қадірін білейік құрметті ағайын!

 

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына

 Байқоңыр қаласы №275 орта  мектеп

 Умирбаева  Назима

  6 «Б» сынып оқушысы

 Умирбаевтар отбасы