Берік отбасы – есірткіден алыс!

«Отан – отбасынан басталады» Өйткені, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне, жаман әдеттерден аулақ болуына отбасы тәрбиесінің әсері өте көп.

Отбасында ата-ана мен баланың арасында өзара түсініспеушілік, ата-ана тарапынан бақылаудың төмендігі - жасөспірімнің зиянды заттарға, есірткіге бой ұруының себептері болып табылады.

Есірткі! Бұл ұғым бәрімізге таныс әрине. Құлаққа жағымсыз естілетін сөз десеңізші! 

Есірткіге еліктейтіндер жасөспірімдер мен жастар. Жастық шақта бәрін көріп-білу керек деген түсінік саналарын жаулап алады. Есірткі оның өмірін құрдымға апарып соқтыртатынына  сенбейді.

Бүгінгі күні баланы қызықтыратын ортасы аз, қала баласы түнгі би алаңдарын айналдырса, ауыл баласы  көше қыдырып, ішімдік, темекі тағы басқа зиянды заттарға әуес болады. Баланың жаман жолға түсуіне ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауынан деп ойлаймын. Өзім де ата-анамын, бірақ балама барынша көңіл бөліп, жүрген  ортасының қандай екенін кімдермен дос, барлығына көңіл бөлуге тырысамын. Ал кейбір ата-аналар  жұмыстан қолы босамай, бала тәрбиесіне көңіл аудара бермейді. «Баланы жастан» демекші, баланы жас кезінен бастап қадағалау керек деп ойлаймын. Жас кезінен есірткі тартуға әуес болса адам  тәуелділікке душар болады. Тәрбие отбасынан басталады демекші, отбасындағы жағдай балаға қатты әсер етеді. Егер ата-анасы қолайсыз жағдайда болып, ішімдікке, шылым шегуге не болмаса басқа зиянды заттарға әуестігі болса ол да баланың  санасына  жаман ой туғызады. Есірткінің бір жаман қасиеті – оны шылым, ішімдік секілді тастау оңай емес. Оның үстіне жас организмге қаюылдағаннан  кейін есірткіден  оңайлықпен құтыла алмайды.

Осыған байланысты, қоғамдық – қасіреттің алдын алу мақсатында жергілікті жерлерде  оқушылар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыру қажет деп ойлаймын. Жастарды спортқа, басқа мәдени шараларға тарта отырып, олардың бос уақыттарын тиімді өткізуге ата-ана мұғалім де бірігіп жұмыс жасаса, бала жаман әдеттен бойын аулақ ұстауға тырысады. Сондықтан балаларымыздың болашағы – біздің қолымызда. Оларға дұрыс бағыт-бағдар бере отырсақ, өмірдің кез – келген жағдайынан кедергісіз өтіп кетуіне септігімізді тігіземіз деп ойлаймын.

Еліміздің ертеңі болар жастарымызды есірткісіз болашаққа жетелейік!

 

 #ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына

  Байқоңыр қаласы №275 орта  мектеп

  Куптлеуов  Султанбек

  7 «Ә» сынып оқушысы

  Куптлеуовтар отбасы

        

 

 



Бөлісу: