"Берік отбасы -есірткіден алыс" !

             

        "Қызылорда ОПД ЕҚҚIҚБ тарапынан жарияланған сайысына"

       Берік отбасы-есірткіден алыс!

Отбасым бақыт мекенім. Отбасындағы әрбір жан мен үшін қымбат, мен үшін өте бағалы. Соның ішінде балаларым баға жетпес байлығым, бақытым. Ұрпағымен мың жасайтын халықпыз ғой, сондықтан ізімді жалғастырар, шаңырағымның түтінін түтетер ұрпағымның келешегі мен үшін бәрінен маңыздырақ. Ұландарымды тәрбиелей отырып, ұлтымды дәріптейтінімді оларға жете түсіндіру менің аталық парызым деп білемін. «Ел  болам десең, бесігіңді түзе» демей ме атам қазақ. Сонымен қатар «Қамысты бос ұстасаң қолыңды кеседі» деген де мақал бар. Мұның барлығы бала тәрбиесіне алаңдаған жанның ойынан туындаса керек-ті. Сол үшін де баланы өзіңмен тетелес жандай сөйлесіп, пікірлесіп, керекті жерінде ақылдасып отырса бала да өзін өмірде маңызы бар жандай сезінетін болады. Ал қазір көп отбасыларға қарап отырсақ баламды ештеңеге мұқтаж қылып отырған жоқпын сонда да балам қадірімді білмейді деп отыратындар да бар. Балаларға материалдық жағдаймен қатар жақындарының мейірімі де керек екенін ұғыну қиын емес шығар. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада деп бекер айтылмаса керекті. Сол себепті назарымыз барынша балада болу керек. Болмаса отбасында ала алмаған осындай жылылықты балаңыз сырттан тауып, өзіңізден алшақтап кетуі ғажап емес. Осындай қысылтаяң кезді арам пиғылдылар өз пайдасына жаратып кетпесіне кім кепіл. Қазіргі таңда қоғам дертіне айналған нашақорлық осындай  салғырттықтың салдарынан туындап отырғаны айдан анық. Ал балалықпен шалыс басқан қадамы үшін кімді кінәлі санайсыз?  Қоғамды ма, баланы ма, әлде өзіңізді ме?  Қалай болғанда да «Бала жанының бағбаны»  өзімізбіз қадірлі достар. Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыра білсек, уақытымыздың көбін ұялы телефоға емес баламызға арнасақ, жаңағы айтқандай келеңсіздік туындамасы анық. Балаларымызбен шынар биікке шығып, балаларымызбен мың жасайық ағайын!

 

 #ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына

   Қазалы ауданы

   №94 орта мектеп

  Өтенәлиевтер отбасы

 

 



Бөлісу: