Байқаудың соңғы блогы...

Байқаудың соңғы блогы...
Байқаудың соңғы блогы... 
 Бұл аптада орындалған жұмыстарым мен байқау барысында орындалған мақсаттарыма шолу жасап өтейін. 
 Осы аптада шыны керек жалқаулығым ұстап жүр) Алға қарай талпынып, жұмыс жасап көрдім, нәтиже бар, бірақта. Кітап оқу, ол -  менің бөлек əлемім, оқуға тиіс 10 кітаптың 1 -ін оқыдым, 2 -шісін оқу үстіндемін (электронды түрде), мазмұнын қысқаша айтып берейін. 
 ҰЛПАН. Қазақ əдебиетінің көрнекті өкілінің көлемді тұлғасы - Ғабит Мүсірепов жазған роман. "Ұлпан" романы  тарихи ел шежіресінің мазмұнына құралған. Романда қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, əдет-ғұрпы, барымта, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы дау, қалың мал беріп қыз айттыру салты кең көлемде сөз болған. Басты кейіпкерлер -  Есеней мен Ұлпан. Есеней - қалың Керей-Уақтының басын ұстаған би, атақты батыр.   Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісті қолдамайды. Ұлпаннан қырық жас үлкенлігіне қарамай, оны ел анасы етеді. Өзі 9 жыл төсек тартып, қайтыс болады. Ұлпан - аналардың анасы, ел билеген көсем, қоғам қайраткері. Жалғыз қызы  Біжікенді пасық Торсанға айттырып, күшік күйеу етіп, қолына алып, кейін Торсанның қорлығымен өзіне қол салып өмірден өтеді. Автор Ұланды қазақ əйелдерінің жиынтық образы ретінде көрсетеді.
 ШАШЫ АҒАРҒАН ҚЫЗ. Фариза Оңғарсынованың керемет пьесасы. Қазір оқу үстінде жүрген кітабым. Бұл кіттапты оқуға пьеса тақырыбы қызықтырды. Қазірше оқиғаның қалай аяқталатынын білмеймін, оқиғаның барысы мен өрбуі жақсы жазылған. Оқыған кітаптарымның тізімі осылар. Сонымен қатар, тарих пəнінен "Қазақ хандары" бойынша буклет дайындап, 10 сыныпта өткен тақырыптарды қайталап шықтым, енді оны қорғауым ғана қалды. 
 Байқау негізінде құрған мақсаттарыма келер болсам, бұл жылы біраз "еңбектендім" деп ойлаймын.
 Оқуға тиіс 10 кітаптың 8 -ін толық аяқтап, біреуін оқу үстіндемін. Ал қалған біреуін кітапханадан алалмай кеттім(бірақ, оны оқып шығып, мазмұнын таныстыратын болам) Жұмысқа шығып, ақша жинап, керекті кітаптарымды сатып алдым. Сатып алған кітаптарым бойынша 11 сыныпқа əдебиет, Қазақстан тарихы пəндерінен дайындалып жүрмін. Жұмысқа шығуым біраз спортпен айналысып, салмақ тастауыма да түрткі болды(-6кг)
Тарих пәнінен постер жасап, 10 сыныпты қайталау мақсаттарымның бірі еді. 10 сыныпқа түгел дерлік шолу жасамасам да, Қазақ хандары туралы көп мағлұматтар жинадым. Шығармашылық ойымды дамыту үшін бірнеше мақала дайындадым (байқаудан кейінгі блогтарымда). Мақсаттарыма Массагетпен жеткеніме өте қуаныштымын. Кішігірім жұмыстарым жүргізілмесе де, мен ол жұмыстардан қолымды үзбеймін. Тек алға қарай бағытталамын.


Бөлісу: