Алғашқы жазбамда қамтығандай «әлемдік мәселені шешуге арналған» бұл байқау аясында, өзімнің межелеген мақсаттарыма ендігі жеткендеймін. Алайда кейбір мақсатарымды орындағаныммен олармен сіздермен бөлісе алмадым. Себебі бұл өз мақсттарым жайлы баяндайтын соңғы жазба. Ендігі уақытта жетекшіміздің берген нұсқаулығы бойынша жұмыс жасайтын боламыз.
Мен сізбен толық жазба арқылы бөлісе алмаған мақсаттарыммен қысқаша ой бөліспекпін.
1) Ұланның «Жас тілшісі» болу басты мақсатым болатын. Алайда бұл атақты төл газетіміз жас тілшілерге жаңа жыл қарсаңында табыстайтын болғандықтан, мақсатым толық орындалмады. Бірақ алғашқы мақалам газетке ендігі шығып үлгерді. Әлі де жаза түсетінім анық.
2) Математика пәнінен тестілеуден жоғарғы жетістікке жету үшін дайындалатынымды айтқан болатынмын. Әлі дайындық үстіндемін. Тестілеу қорытындысы жақсы. Тек әлі де алда асар белестер, жетілдірер тұстарым баршылық.
3) Бенджамин Грэхемнің «Ақылды инвестор» кітабын ендігі «зерттеуді» жалғастырудамын. Зерттеп жатқан себебім, бұл кітапта менің бұрын соңды білмеген қаржы нарығындағы термин сөздер жеткілікті екен. Бұл кітаптың «әліпбиін» енді бітіргендеймін. Сол себепті сіздермен оларды бөлісу ақымақтық болып көрінді. Шынын айту қажет мен ойлағандай емес, өте күрделі кітап.
Менің бұл жазбада негізгі айтқым келгені, біздің, байқау қатысушыларының өзінің алдыға қойған жеке мақсаттарынан бөлек, әрқайсысымыздың ескеріп, орындауымыз тиіс, байқау басталғалы барлығымызға ортақ өте үлкен мақсат бар болатын. Ол не деп ойлайсыз, оқырман? Ол әрине өз мақсаттарымызды жариялай жүріп, сізге қажетті ақпараттармен бөлісу, жалпақ тілде айтқанда сіздің көңіліңізден шығу. Біздің мақсатымыз бен жұмыс жасау қабілетімізді бағалайтын – сіз. Байқау аясында өз мақсаттарым арқылы менде сізге қажетті ақпараттармен бөліскім келді және ол солай болды деген ойдамын (ол жайлы өз пікіріңізді білдіріңіз). Әлемдегі ең жақсы тәлім ол – үйрете жүріп үйрену.
Сіздің есігіңізді пошташы қағып тұр. Сіз есікті ашқанда, сізге сәлемдеме хат келгенін байқайсыз. Сізді бұл кезде пошташы емес, әрине сәлемдеме қатты қызықтырары сөзсіз. Сол секілді сіз біздің жазбамыздан әрқашан өзіңізге қажетті нәрсені алғыңыз келеді және ол сізді қызықтыруы қажет. Мен мақсаттарым жайлы жаза отырып, сізге қажет дүниені табуға тырысамын (өзгеде қатысушыларда солай). Бұл еңбегімізді бағалағаныңыз үшін рахмет, құрметті оқырман!
Өз мақсаттарым жайлы соңғы жазбаны жаза отырып, сізге қажет кезекті дүниені сыйлағым келеді.
Бізге аңдар патшалығынан жеткен ұлы философия бар. Ол «құмырсқа философиясы» деп аталады. Құмырсқалар үлгі тұтуға тұрарлық тіршілік иелері. Олар екі түрлі себептермен ерекшеленеді:
Біріншіден, құмырсқа ешуақытта қозғалыссыз жағдайда болмайды. Егер ол жүріп бара жатса, оның жолына кедергі қойсаңыз, онда ол оны айналып өтуге, астынан немесе үстінен өтуге тырысады. Егер оны алып тастасаңыз, ол өтеді. Егер сіз сол кедергіні қайта қойсаңыз, ол одан өтетін жағдайларды іздейді. Ол оны қанша уақыт іздейді? Өлгенше. Құмырсқа ешуақытта тыныштық жағдайда өмір сүрмейді.Қандай сабақ!
Құмырсқаның екінші ерекшелігі неде деп ойлайсыз? Қалай ойлайсыз құмырсқа жаз бойы нені жоспарлайды? Әрине – қысты қалай өткізуді. Қысқа дайындалу үшін құмырсқа қанша азық жинауы керек? Оның мүмкіндігі жеткенше. Абай атамыздың Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқасын» еске түсіріңіз. Шегіртке жаз бойы асыр салып ойнаумен болды. Дән жинаған құмырсқаларға күлді. Ал қыс келгенде не болғанын білетін де шығарсыз. Ұққан жанға қандай даналық!
P.S. Оқырман, менің жазбаларымнан өзіңізге қажетті дүниені таба алдыңыз ба?